02.05.2021
  261


Автор: Шырын Мамасерікова

ЖАНДАЙШАП

Цығандардай отансыз көшіп жүрген,


Жандайшап бар арада бөсіп жүрген.


Қолтығына су бүркіп мүйіздінің,


Бір-біріне айдап сап өшіктірген.


Оң сөзіңді теріске бұрып алып,


Тас атқылар тасада тұрып алып.


Арамзадан сақтанғын, ей, адамдар,


Абайсызда қүлатар құрық салып.


Өсек оты борандай бұрқыраса,


Сай-сүйегі шындықтың сырқыраса.


Соры қайнар қашанда ағайынның,


Сызат түсіп ынтымақ ыдыраса.


Ала ауыздың тіл-жағы байлана ма,


Ант ұрғанның көңілі жайлана ма.


Айтаққа еріп қол шоқпар болмау үшін,


Ақыл көзбен қарай біл айналаңа!..





Пікір жазу