02.05.2021
  387


Автор: Шырын Мамасерікова

Жыл құстары

Ұя салған хош айтып күллі баққа,


Құстар қайтып барады жылы жаққа.


Жалбарына қиқулап медет сұрар,


Өз тілінде олар да ұлы Хаққа.


Жылуын ап аялы алақанның,


Көру-бақыт ұшқанын балапанның.


Өн сегіз мың ғаламның Иесінен,


Шақасына тілейді шапағат мың.


Табиғаттың мұз-қары, бораны бар,


Перзент едім киелі жораны ұғар.


Әр таң сайын дұға етем сендер үшін,


Туған жерге аман-сау оралындар!


Әнге бөлеп елімнің кең өлкесін,


Әкеліңдер көктемде өнер көшін.


Әсем әуен аңсаған тау-тасыма,


Сағыныштың түсірме көлеңкесін!...





Пікір жазу