02.05.2021
194
Зерек келін
Біздің Рая - досы жас пен кәрінің,
Көңілін тапқан ағайын-жұрт, бәрінің.
Жас қалса да бота көзі жәудіреп,
Құлатқан жоқ шаңырағын жарының.
Қамықтырып қаншама рет тәтті мұң,
Сай-сүйегін сырқыратып батты күн.
Суға батып, отқа жанып жатса да,
Селт етпеді сертке берік пәктігің.
Дуалы ауыз бабалардың сөзіндей,
Иманжүзді бұрынғының көзіндей.
Көбейсе екен, көбейсе екен Құланда,
Кішіпейіл, зерек келін өзіңдей...