02.05.2021
  202


Автор: Шырын Мамасерікова

ЖҰМАҚ ӨЛКЕ

Бабамның шындық қасиетті өлке дегені,


Алашқа аян Баянның киелі екені.


Сұлтанмахмұт, Қаныш, Марғұлан, Шокин туылған,


Той жасап жатыр данышпандардың мекені.


Дертіме шипа, жаныма қуат беретін,


Не деген ғажап, қүдіреті күшті жер едің!


Жұмақты көргің келсе егер мынау жалғанда,


Жар салып жұртқа Баянтауға барғын дер едім.


Бастарын қосып үш жүздің асыл қауымын,


Көрсеткен бізге бақытты Баян ауылын.


Қадырдың жырын жатқа оқып жұртты қуантқан,


Жұлдызың жансын, Қорабай інім, бауырым!


Өкінішті бірақ қоштасар сәт те таянды,


Қия алмай тұрмын, Жасыбай келі, саянды.


Ақ халат киш алдымнан шыққан жүгіріп,


Қия алмай тұрмын дәрігер қызым Баянды.


Қия алмай тұрмын Бұхардың еккен жыр - бағын,


Қия алмай тұрмын Олжабай батыр ұрпағын.


Баянның елі, қазақтың даңқын шығарар


Көбейе берсін биікке самғар сұңқарың!..


Ұмыту боп тұр күш, қайғым,


Өртене сені құшпаймын.


Баяғы албырт кезімдей,


Шақырсаң құстай ұшпаймын.


Түсімдей көрген қас-қағым,


Алыстап кетті жас шағым.


Ажары сынып қалғандай,


Аққу ән салған аспаным.


Қадама маған көзіңді,


Әуреге салма өзіңді.


Текаппар жалған тіршілік,


Мұздатты ыстық сезімді.


Ажалдың жетсе жарлығы,


Желге ұшар ердің нарлығы.


Қызылды-жасыл дүние,


Алдамшы екен барлығы!...





Пікір жазу