02.05.2021
  162


Автор: Шырын Мамасерікова

МОЙЫНДАУ

Кешір мені, сүйіктім, кешіре алсаң,


Алаулаған өкпе отын өшіре алсаң.


Басымдағы бағымды теуіппін мен,


Бармағымды тістеймін есіме алсам.


Ар-ұяттың өртінен шарпып денем,


Махаббаттың азабын тартып келем.


Өзіме өзім қастандық жасаған соң,


Басқаларға, япырау, қайтіп сенем?!


Өкініштің жағалап жар қабағын,


Қателіктің тау жүгін арқаладым.


Ашуыңды тарқатсам арманым не,


Қиындықтың қиратып бар қамалын.


Дей алмаймын сонда да байыптымын,


Кешір мені, сүйіктім, айыптымын.


Қырсық шалған қаңғалақ бейбақ едім,


Қандай жаза берсең де лайықтымын...





Пікір жазу