02.05.2021
551
ЗЕЙНЕТКЕР
Аққуы өр Қордайдың инабатты,
Советтей жігіт туған сүйді алапты.
Қырық жыл қызмет қып Меркіде Алтын
Көркейтті кітап толы ғимаратты.
От кешіп өтті жылдар жалындаған,
Кезі жоқ сайран салып дамылдаған.
Тынымсыз еңбек еткен күндіз-түні,
Жандарға білім құмар мәлім бағаң.
Айтатын немереге басқа әуенді,
Зейнетке шығатұғын жас та келді.
Алтынжан, тәтті ұйқыдан ояна сап,
Жұмысқа жүгіруді таста енді.
Шуағын жоғалтпастан жұлдызыңның,
Әжімін көбейтпестен нұр жүзіңнің.
Әмісе салтанатың арта берсін,
Жарқырап ортасында ұл-қызыңның!...