02.05.2021
272
БАТЫР АНА
Жүректегі сағыныш сарқылар ма,
Шағала боп бұл күнде шарқ ұра ма.
Туған жердің төсінен тұрақ тапты,
Он бір ұл-қыз өсірген батыр ана.
Табиғаттың көз жұмып көктемінде,
Опасы жоқ өмірден өткеніңде.
Ұрпағыңа бақ тілеп жаттың ба екен,
Жан жылуын соңғы рет төккеніңде.
Әнге бөлер бұлақтай сай-саланы,
Самғар үлкен үміттің бай талабы.
Пөк махаббат сезіммен өзің еккен,
Шыбықтарың орманға айналады.
Орнамасын көңілге күдік, қайғы,
Озық өнер-білімді кім ұқпайды.
Құланым деп жүруші ең құрақ ұшып,
Еңбегіңді туған жер ұмытпайды.
Жоқтатпастан әкенің алақанын,
Қыран етіп баулыған балапанын.
Жатқан жері жаннаттың төрі болсын,
Гүлширадай ардақты дана апаның!...