02.05.2021
  259


Автор: Шырын Мамасерікова

Ұлжанға

Жас шағынан тазалықты сүйетін,


Санасызға жаны ауырып күйетін.


Ұлжан атты ұлағатты ұстаз ең,


Әділет пен шындыққа бас иетін.


Институтта ғылымға ауып аңсарың,


Сусап жұттың білімнің бал, кәусарын.


Самғатпады бірақ тағдыр биікке,


Қолды байлап сәбилерің, жан-жарың.


Қақпан құрған қиындыққа төтеп кіл,


Қияметтей қыл көпірден өтер кім.


Қабырғаңды қақыратып сөксе де,


Қайыспастан нардың жүгін көтердің.


Ұрпақ үшін тау-төзім боп жаралдың,


Үкілі үміт, арманыңнан нәр алдың.


Төрт құбылаң түгелденіп келеді,


Деген рас: “Сабыр түбі - сары алтын”.


Көрсетсем деп бау-бақшаңның жемісін,


Қара терге түстің қанша ел үшін.


Бейнетінен зейнет тапқан құрбым ең,


Еркелетсін енді өмір Сені шын!...





Пікір жазу