02.05.2021
  235


Автор: Шырын Мамасерікова

Дәметкенге

Туған жерге қабырғасы қайысқан,


Қызығамын қызғалдаққа майысқан.


Отан үшін отқа түсер қыздар бар,


Томиристей Кир патшамен сайысқан.


Кеппе кеуде, кем талаптан қашатын,


Көңілі қаяу жанға шуақ шашатын,


Күн астында Күнікейдей қыздар бар.


Көк өрімнің бақыт жолын ашатын.


Махаббатты тіршіліктің мәні еткең,


Адалдықты шаңырақтың әні еткен,


Сүйген жарын ақындыққа баулыған,


Таразда бар тамаша ару - Дәметкен.


Қырандардай қамын жейтін халықтың,


Қаншама рет қайраткерлік таныттың.


Сын сағатта байқалады екен ғой,


Сор маңдайдың жанашыры анық кім?!..





Пікір жазу