02.05.2021
  298


Автор: Шырын Мамасерікова

БАУЫРЫМ

Алдамшы мынау жалғанда,


Армансыз, шіркін, жан бар ма?


Ажалдың ілсе құрығы,


Ақсұңқар көкке самғар ма?!


Жүрегі жұмсақ жұмағым,


Тілеуі мөлдір бұлағым.


Еліне сая болатын,


Еменім, неге құладың?


Үзілді ерте гүлдерің,


Өзіңсіз өтті күндерім.


Айырылып сенен, бауырым,


Сопайып қалды-ау сүлдерім.


Тірліктің базар, бағында


Жұлдызың жанған шағында.


Жайқалған қара орманым,


Айналдың неге сағымға?!


Қанатым едің ұшатын,


Жаннатым еді құшағың.


Жападан - жалғыз аралда,


Адасқан жанға ұқсадым.


Жұбымыз неге жазылды,


Аңсадым ерке назыңды.


Іздедім сені сағынып,


Тау-тасқа соғып басымды.


Түнере қалса аспаным,


Түсінер сендей басқа қім.


Ата жұрт - алтын ұяңды,


Япырау, кіге тастадың?!


Анамның сүтін тең ішкен,


Ақ қөңіл адал періштем.


Алладан қүнде сұраймын,


Төсегің болсын пейіште!...


Қалай ғана дейсің маған сөз етпе,


Ана тілді теуіп жатса өзекке.


Тарихымды қорлап тұрса бозөкпе,


Үнсіз шыдап отыруым қажет пе?!


Таразылап ақиқат пен жаланы,


Айырмасам ақымақ пен дананы.


Сүйе алмасам туып өскен даланы,


Тәңір онда неге берді сананы.


Қайда барсам қыр соңымнан қалмайсың,


Тізгінімді тартқылаудан талмайсың.


Мейлі, мейлі, мінбелерден сөйлетпе,


Бірақ жырға қақпан құра алмайсың.


Бәйшешеқтей жарып шығар мұз-қарды,


Өлең деген елемейді ызғарды.


Көктем болып сайратады құстарды,


Жібітеді өкпесінде сыз барды.


Атамекен аясында көгердім,


Алаулаған махаббатты бөгер кім.


Алтын бесік туған жерім, мен сені


Көз жұмғанша аялаумен өтермін!..





Пікір жазу