02.05.2021
  313


Автор: Шырын Мамасерікова

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

(Ғалия Қажыгалиевага)


Ойынды шарықтатар әр қияға,


Осындай қыз тілеймін бар ұяға.


Меркінің ең таңдаулы аруы ғой,


Бір өлең арнайыншы Ғалияға.


Жақсының нұры тассын - мақтамақпыз,


Қалайша ішке бүгін сақтамақпыз.


Мейірім шуағыңа, бөлеп жұртты,


Қарайды ақыл көзбен ақ тамақ қыз.


Билікке таласпайды жүрер төмен,


Еңбексіз бақытты өмір сүрер демен.


Мөлдіреп моп-момақан тұрса-дағы,


Зердемен жан дүниеңді білер терең.


Тәңірден бұл дүниеде бар ма күшті,


Жасынан жек көреді жалған істі.


Қазақтың таңғажайып бір қызы ғой,


Алтыннан артық көрер ар-намысты.


Тор тоқып, кесте тігіп отырады,


Дәмді аспен дастарханын толтырады.


Бір сырлы, сегіз қырлы жан бар десе,


Басқа емес көкейімде ол тұрады.


Бесіктен ұлттық салтты көргенімен,


Бекзаттық уыз сүттен, жөргегінен,


Ибалы, инабатты бал мінезің,


Жүректің орын алды ең төрінен...





Пікір жазу