02.05.2021
  242


Автор: Шырын Мамасерікова

Орынбасар

Өмірдің аттап белесін,


Шындықтың сүйреп кемесін.


Жетелеп жетім-жесірді,


Бақытқа бастап келесің.


Жақсылық қанша жасадың,


Өзіңнен кім бар асатын.


Әркімге керек сендей ұл,


Әкенің орнын басатын.


Көбейткен елдің дәулетін,


Көркейткен сәнін, сәулетін.


Ер бағы еңбек екенін,


Түсінді бүгін әулетің.


Халқына сыйлап тәуірін,


Көтерген жүктің ауырын.


Туған жер даңқын асырған,


Жұлдызың жансын, бауырым!


Жапырақ жайып бұтағы,


Алғыстар алған ұтады.


Бауырым Орынбасарды


Ауылым мақтан тұтады.





Пікір жазу