02.05.2021
  170


Автор: Шырын Мамасерікова

КӨКІРЕГІНДЕ КҮНІ БАР

Жанарында жұлдызды аспан аунаған,


Көкке самғар сұңқарлардан аумаған.


Жігіттерден көкірегінде күні бар,


Аласа боп көрінеді тау маған.


Ақыл-ойы жеңістерге жол сілтер,


Жайсаң жансың жұртқа ырыс конса дер.


Жұпар жусан омырауын даланың,


Жайылым ғып төрт - түлік мал толса дер.


Үлкенге-іні, кішілерге - ағасың,


Балаусаға үміт гүлін тағасың.


Аямайтын жақсылығын ешкімнен,


Азаматсың халық берген бағасын.


Ар-намысың бойыңдағы алдаспан,


Ата-баба өнегесі жалғасқан.


Арман тауға биіктей бер, Бөрібай,


Елің үшін еңбек етіп талмастан.


Бос кетпейді игі істің сауабы,


Баталыға бақ назары ауады.


Барша жанның алғысына бөленсең,


Алланың нұр шапағаты жауады!..





Пікір жазу