02.05.2021
  452


Автор: Шырын Мамасерікова

ТУҒАН ЖЕР - АЛТЫН БЕСІГІМ

Ханға балар немересін аялап,


Қарттары бар құшақтары сая бақ.


Қасиетті туған жерім - Құланым,


Қыран құс пен қызғалдаққа бай алап.


Арайлана таңдар атып, туса ай,


Алуан түрлі гүлдер өсер ұқсамай.


Жан дүниеме жақынсың сен бәрінен,


Жалпақсаздың жұпар иіс жусаны-ай!


Қашан барсам қуанышқа бөлеген,


Мейірімің шалқар көлге тең екен.


Баяғыдан аңыз болған әлемге,


Қабырғасы сөгілмеген ел екен.


Тоқшылықтың тәтті әуені шырқалған,


Дән теңізі алқабында ырғалған.


Қарлығаштар ұя салған мекеннен,


Таба алмайсың бір адамды мұң шалған.


Ауырғанда адыраспан, долана,


Айтыңдаршы дертке дауа бола ма?


Қараңдаршы Қарақыстақ шатқалын,


Қарақат пен бүлдіргенге тола ма?!


Ардақтаған жүрекке ыстық есімін,


Атажұртты жырлап етсем несі мін.


Көлеңқедей бақ пен дәулет көшсе де,


Өзгермейтін сенсің, алтын бесігім!...





Пікір жазу