КІШІ МЕККЕ
Астанасы қазақтың хандарының,
Түркістанда ұлттық рух самғары шын.
Жан сарайын тазартып арай шашқан,
Кіші Мекке мұсылмандар жандар үшін.
Сүйегі асыл, қойны құт даламызда,
Сүтпен сіңген кие боп санамызға.
Арыстанбаб шәкірті Қожа Ахмет,
Тірісінде - ақ айналған аты аңызға.
Шабыт беріп Расулдың үр ақылы,
Шариғатқа шақырды мұраты - ұлы.
Даналықтың гауһарын шашты жұртқа,
“Диуани Хикмет” жыр арқылы.
Жұлып тастап жүйкеден қара мұңды,
Жетелейтін ұрпағын таңға нұрлы.
Әзірет Сұлтан әулие атанды ол,
Баға жетпес білімдар, арманы үлгі.
Айбынды Әмір - Темір де басын иіп,
Күмбез соқты ақынға тасын сүйіп.
Шыр айналып кете алмас көрген жандар,
Ұлы өнердің сұлулық сазына ұйып.
Көбі осында даңқы әйгі бабалардың,
Әруағына сиынбай жата алар кім.
Ақ ниетпен алдына барған адам,
Қысылғанда күш - қуат таба алар мың.
Мұқалғанда біреуден бақ-талабым,
Мінәжат қып дәмін сыр ақтарамын.
Жеңілдеп бір қаламын содан кейін,
Әділеттің ашқандай қақпаларын.
Байқағанда үміттің гүл құшқанын,
Жасыра алман қеудемнен жыр ұшқанын.
Жайлау етер жағамды жабырқасам,
Құдіретіңнен айналдым, Түркістаным!