02.05.2021
  407


Автор: Шырын Мамасерікова

ТҮРКІ ЕЛІ

Азияның ақсақал қариясы,


Әз Түркістан - тарихтың дариясы.


Атамекен төрінде шырқалып тұр,


Асқақ үнмен шежіре дариясы.


Ұрпағына бақ, дәулет тілеп көктен,


Туған жерді тіршілік тірегі еткен.


Түркі елі қасқырдан ішік тігіп,


Жолбарыстың терісін кілем еткен.


Әйелдері алтыннан алқа таққан,


Тал бесікті тербетіп, бала баққан.


Киіз басып, келіге тары түйп,


Балдай қымыз ашытып жұртқа жаққан.


Жүрегіне от-жалын жыр-ән толған,


Жігіттері шетінен қыран болған.


Дулығасы жарқырап тұлпар мініп,


Ханбалықтан Еділге ұран салған.


Семсер сілтеп, сүңгі ұстап сүреңменен,


Жауға шапқан ұлдары күреңменен.


Күрек тіспен күрзісін жұлып-шайнап,


Дұшпандарын бүркіттей бүрген кілең.


Салық төлеп Рим халқы бағынатын,


Қызын беріп қытай да жалынатын.


Кавказ, Рейн, Дунай да діріл қағып,


Сағы сынып, тауаны шағылатын.


Араб, парсы қызығып Қаратауға,


Тарбағатай, Қазығұрт, Алатауға.


Қанша соғыс ашса да жеңіліп қап,


Тізе бүгіп сұраған талай сауға.


Көздерінде қайсарлық шуағы бар,


Қас үлектен қашан да туады нар.


Қаһарлы ер Естеми, Атилланың


Бойымызда қаны бар, қуаныңдар!


Өтсін мейлі қанша жыл, қанша ғасыр,


Ақын біткен арнайды халқына жыр.


Әл Фараби туылған топырақтың,


Ей, болашақ жастары, даңқын асыр!





Пікір жазу