02.05.2021
  181


Автор: Шырын Мамасерікова

Қобыландының ұрпағы

Он сегізде от кешкен,


Өкпелерін оқ тескен.


Жойқын соғыс зардабын,


Шығарады кім естен.


Қыршын кеткен жастар-ай,


Шоршып түскен бастар-ай.


Атқылаған бомбадан,


Үйітілген тастардай.


Үзім нан мен түйір май,


Арман болып қиылды-ай.


Туған жердің бір уыс,


Топырағы бұйырмай.


Шара бар ма тәңірге,


Жазымыштағы өмірге.


Лаулап жанған ұшқыштар,


Қойылған жоқ қабірге.


Қаһарман жұрт ықпады,


Жаудан қорқып бұқпады.


Жетеледі жеңіске,


Өлгендердің рухтары.


Фашист тегіс қуылды.


Ажал аузы буылды.


Қобыландының ұрпағы,


Рейхстагқа ту ілді.


Елжіретер даланы


Еркіндіктің самалы.


Бұзылмасын мәңгілік,


Бейбітшілік қамалы!...





Пікір жазу