01.05.2021
  229


Автор: Мұратхан Шоқан

Шарасыздық

Ай шығып, Алатауға қалды ілініп,
Отырмын үмітіме сәл жылынып.
Бақтарды аяп қоям, қайың жылап,
Қазанда жасын төккен тал бүлініп...

Төгіліп жапырағы тал-қайыңының,
Барлығы ғайып болған балдай үннің.
Бірдеңе болып жатыр айналамда,
Секілді көшірмесі хал-жайымның...

Білемін, жағдайымды сұрамас кім?
Келеді сол жанменен бір адасқым.
Келеді, Алматыдан тұра қашқым,
Жүрекке күші жетпес, сірә, бастың!

Құдай-ай, қырсыққанда, құрығында,
Сыр етіп айта алмаймын тірі жанға.
Үйіме түк бітірмей қайтып келем,
Бір көше, бір көшеден бұрыламда...

Ай шығып, Алатауға қалды ілініп,
Отырмын үмітіме сәл жылынып.
Бақтарды аяп қоям, қайың жылап,
Қазанда жасын төккен тал бүлініп...





Пікір жазу