01.05.2021
  387


Автор: Мұратхан Шоқан

Түсінемін

Мені сырттай қорғайсың өсектерден,
Бір адамсың мен үшін есеп берген.
Сен жоныңды төсейсің тартынбастан,
Біреу атса сыртымнан кесектермен...

Түсінемін, жаныңды шырылдаған,
Тыныстаған ауаңнан діріл бағам.
Сені ұмытып кеткендей көрінем-ау,
Кездерімде мен саған бұрылмаған...

Мені есіңе аласың ерте-кеште,
Махаббат қой, махаббат өрт емес пе?
Жол үстінде, ұйықтарда, оянғанда,
Менде сені аламын,еркем, еске...

Мұңға малып жүзіңді сындырмағын
Түсінемін жаныңның мұңды ырғағын.
Сені жақсы көрем ғой, одан басқа,
Болмасада сонша бір тындырғаным.

Мені қорғап пенделік сұр ағыстан,
Бағалаймын, жаныңды құрақ ұшқан,
Періштедей айналып сен жүргенде,
Мені жеңе алмайды, сірә, дұшпан!

Мені сырттай қорғайсың өсектерден,
Бір адамсың мен үшін есеп берген.
Менде сені білдірмей қорғап жүрем,
Біреу атса сыртыңнан кесектермен...





Комментарии

Ай
Ай 26.11.2021 09:52
"Кесектермен". Кесек сөзі көпше түрде жазылмайды ғой. Мысалы, аспанды "аспандар" деп жазбайтынымыз сияқты. Қазіргі ақындарды "Ақындар, жазғыштар" деп екіге бөліп қараған дұрыс шығар)) Дəмсіз- татусыз нəрселерін оқудан да ұяласың кейбір "жазғыштардың"

Пікір жазу