01.05.2021
  120


Автор: Мұратхан Шоқан

Құпияларың болсын

1.Басқамен бөліспейтін қуанышта, бөліспейтін мұңда болады. Құпияларың болсын. Ол - сенің қадір қасиетіңді сақтап тұрады.
2.Жауларының қылығына ашуланғанын білдірген адам, жауларының мақсатын орындауына өзі көмектесіп жатқанын білмегеніне қынжылам.
3.Ең нашар шәкірт ұстазының атын сатып, уақытын басқа жақта өткізетін шәкірт... Сол қылығының кесірінен отбасындағылардың ұстазы жайлы қате түсінікте болғанына қынжылмау қылмыс.
4.Адамның қолымен жазылған заңдардан құтылғаныңымен, құдайдың заңдарынан құтыла алмайсың.
5.Жастар жалғыз кезіндегі ұзақ жыл серік еткен арман-мақсаттарынан сыңарын тапқан кезде айнып жатады. Оған қарсы жағының ұстанымы әсер етеді. Жастардың бір-бірін тыңдағаны дұрыс. Бірақ, бір-бірінің армандарына жебеуші болғаны тіпті де дұрыс.
6.Шашқан дәніңді теріп жеп алып үндемей ұшып кетіп, басқа бақта сайрап жүретін құстар секілді адамдардың қатарынан болмаған жөн!





Пікір жазу