01.05.2021
259
Алыс кеткім келеді…
Қандай жаман жақынның сенбегені,
Қап-қара ғып көрдің бе сенде мені?…
Қап-қара ғой онсыз да ғасыр мынау,
Қалыңдатып қайғымды асырдың-ау.
Сүйіп, құшып, өлісіп, аймаласып,
Сосын шексіз қаралау майдан ашып…
Қайдан таптың соншама ыза-кекті,
Ұмыттықпа шынымен біз әдепті?
Кезіп келем қараңғы бір көшемен,
Алыс кеткім келеді мүлде сенен…
Көрсетіп тұр жаныма аспан аяу,
Жоқ па сенде қарадан басқа бояу?
Қайда біздің сүйістің балғын демі,
Қанша әуре-сарсаңға салдың мені.
Қаншама рет кешірдім қайта келіп,
Қойшы соны қайтемін айта беріп.
Кезіп келем қараңғы бір көшемен,
Алыс кеткім келеді мүлде сенен…