Туындылар ✍️
Біз суық ғасырда өмір сүріп жатырмыз...
1.Мен сәулелі адамдардың сәулесін жиып күн жасасам деп жүрген адаммын... Бұл ақымақтың сөзі секілді көрінер. Бірақ ниетім шын. Сәулелі адамдардың сәулесін жиып адамзат қоғамын жылытқым келеді. Біз суық ғасырда өмір сүріп жатырмыз.
2.Мен жастармен жұмыс жасап жүрмін, бұл менің күн көрісім үшін емес... Бұл менің атақ-абыройға іңкәрлігімнен емес. Бұл менің сәулелі адамдардың қатары көбейсе деген арманымнан.
3.Жастармен жұмыс жасап жүргенде бір нәрсені байқадым. Сәуле мөлдір бастауларға түскенде, мөлдір заттарға түскенде шағылып қайтады. Мөлдір емес заттар сәулені жұтып қояды. ( Мұны бәріміз білеміз.) Сол секілді менің орталығыма екі түрлі жастар келеді.
1) Сәулені жұтып қоятын жастар.
2) Сәулені шағылдырып, маңайына шашатын жастар.
4.Терезе кірлесе, оны шағып тастамай тазартып сүртеміз ғой... Тірліктің шаң-тозаңы жастардың көңілінің әйнегін кірлетпесе екен.
5.Қарапайым шындық, қараңғы үйге жаққан бір шамның жарығынан екі шамның жарығы әлдеқайда сәулелі... Сәулесі барлармен бірге болғым келеді. Маған келіңіздер. Болмаса мені шақырыңыздар, мен барайын.
6.Сәулелі адамдар, сәулемізді қосып адамзат қоғамын жылытайық.