01.05.2021
  235


Автор: Мұратхан Шоқан

Тəуелсіздік əні

Біз бүгін тəуелсізбіз ешкімге,
Тəуелсіз еркінбіз осынау бес күнде.
Біз кеше ішінде қырғынның, сестің не,
Азабын көргенбіз ақтабан көштің де...
Біз бүгін тəуелсізбіз ешкімге!

Тұс-тұстан құйылып,
Тас-түйін түйіліп.
Қорғайық Oтанды,
Қорған боп жиылып!

Біз бүгін тəуелсізбіз, еркінбіз.
Ес жидық, көп көріп заманың дертін біз.
Аузында жыр əні, тыныштық ұраны,
Тарыдай шашылған қазаққа төркінбіз.
Біз бүгін тəуелсізбіз, еркінбіз!

Тұс-тұстан құйылып,
Тас-түйін түйіліп.
Қорғайық Oтанды,
Қорған боп жиылып!

Тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын! Халқымыздың көңілі мейірімге, ізгілікке, шаттыққа толсын!





Пікір жазу