01.05.2021
  151


Автор: Мұратхан Шоқан

Аузы ашық ыдысты абайлап ұстаған жөн...

1.Жан бағысымен бастығының қалауын орындап жүргендер мықты ма? Ар-намысымен құдайдың қалауын орындап жүргендер мықты ма?

2.Иесі бар иттермен мәжілістес болып жүргендер мықты ма? Тәңірісі бар бөрілермен тағдырлас болып жүргендер мықты ма?

3.Халық – аузы ашық ыдыс. Аузы ашық ыдысты абайлап ұстаған жөн, төңкерсең –төгіледі...

4.Мемлекеттік қызметке асқазанынан жүрегін жоғары қоятындарды, жан бағысынан ар-намысын жоғары қоятындарды алу керек.

5.Үрей – үлкен қару. Ел ішіне үрей тарату елдің қамын ойлаған адамның ісі емес.

6.Шындыққа күмәнмен қараған адамды да ұстаз тұт. Шындыққа күмәнмен қараған адам – өткірік айтпауға, ақиқатпен өмір сүруге үйретеді.





Пікір жазу