01.05.2021
  217


Автор: Мұратхан Шоқан

Суық сөзге үйір адам жанның ордасынан қуылады...

1. Адам ең жақсы көрген адамын жүрегінде ұстайды. Жүрек - жанның ордасы. Сені аялап, жүрегінде, жанының ордасында ұстайтын адам болса, қадірін біл. Жүрек - мейірім-махаббатқа толы жылы сөзбен кеңейіп, мейірімсіз суық сөзден тарылады. Сен суық сөз сөйлеймін деп, жүректі, жанның ордасын тарылтып, сыймай сыртқа шығып қалып жүрме. Бір сөзбен айтқанда, мейірімсіз суық сөзге үйір адам жанның ордасынан қуылады.

2. Жүректен, жанның ордасынан қуылған адам, бірден керексіз болып қалмайды. Мидағы ақыл-ойдың ордасына тұрақтайды. Бұл дегеніміз сен жүрегін ауыртқан қарсы жақ, сенен көңілі қалса да, сені ойлап жүреді дегенді білдіреді. Келесі қарым-қатынастың қалай болуы өзіңе байланысты...





Пікір жазу