01.05.2021
  149


Автор: Мұратхан Шоқан

Құдай әр ғасырға алыптар жібереді...

1.Сені көргісі келетіндердің қатары көбейген сайын, көрсеткісі келмейтіндердің де саны өседі. Бір сұмдығы - олар өздерінің қылмысқа жуық қызғаныштарын, сенің бойыңнан өздері ойдан құрастырып тауып алған кемшіліктермен бүркемелейді... Көрсетпей, қалқалап қалғысы келетіндердің қатарына достарың да өтіп кетуі мүмкін...

2.Шығарманы шағын әдеби ортаның пікірімен емес, халықтың ықыласымен таразылаған жөн.

3.Кітап сөремдегі кітаптарды азайтып, әр ұлттан бірер жазушы алып қалу керек болса, Фарсы поэзиясының алыптары – орта ғасырда өмір сүрген ұлы ақындар Рудаки, Омар Һәйям, Сағди, Хафиз, Жәмилерді, орыс ұлтынан Л.Н.Толстойды, Ф.М.Достоевскийді, Ағылшыннан Джордж Байронды, Уильям Шекспирді, сол секілді адамзат баласына қазынасы ортақ санаулы тұлғаларды алып қалар едім.

4.Құдай әр ғасырға алыптар жібереді. Құдай жіберген жандарды өз дәуірінде жаны таза құдайға жақын адамдар ғана таниды.

5.Саған қамқор болғысы келетін, бірақ қарсыластарыңнан ығатын – адам жауыңнан да жаман адам.

6.Өтірікті шындыққа араластырғанмен, суға құйған май секілді көрініп тұрады. Өтіріктің де пайдасы бар.Үлкен өтіріктер маңайыңдағы кішкене адамдарды ағысымен алып кетеді...





Пікір жазу