01.05.2021
  222


Автор: Мұратхан Шоқан

Арбатта...

Біреудің үндемеген, үндегені,
Беймаза көңілімді мың бөледі.
Бір жақтан көңілділік аяңдаса,
Бір жақтан тентіреген мұң келеді.
Бір нәрсе керек маған, түсінбеймін,
Білмейім, айтарымды кімге, нені?..

Біреу тұр гитарасын сарнатқалы,
Біреу тұр көзінен жас парлатқалы.
Бұл өмір ылғи тәтті, әдемі емес,
Суреттей, балмұздақтай арбаттағы...

Біреулер тамсанады мүсіндерге,
Бүгін мен ұшырмадым құсымды өрге.
Қараймын оған, бұған, жай әншейін,
Біткендей істейтұғын ісім жерде...

Біреудің үндемеген, үндегені,
Беймаза көңілімді мың бөледі.
Бір жақтан көңілділік аяңдаса,
Бір жақтан тентіреген мұң келеді
Бір нәрсе керек маған түсінбеймін,
Білмейім, айтарымды кімге, нені?..





Пікір жазу