01.05.2021
214
Мадаққа көзқарас
Пенделіктің құлай бермей ығына,
Мен жығылсам тек түйеден жығылам.
Сонан кейін көмейлерге мен жайлы,
Айтылмайтын тәтті сөз боп тығылам.
Шаттық, шаттық, айтылмайтын сөз қанша?
Ол, ол деген бақыт қолын созған шақ.
Қанша жүйке айтылмайтын сөздерді,
Айтылса деп тозды аңсап.
Ал, мен оны айтылмай-ақ тыңдаймын,
Мұрны қанап жылысады мұң, қайғы.
Дауға бастар даңғазалы мадақтан,
Айтылмаған сөздер, тіпті, ыңғайлы.
Нұрға бөлеп күллі әлемнің құшағын,
Мадақ үшін болып жатпай құсалы.
..,Ай үндемей көтеріліп аспанға,
Күн үндемей ұшады...