01.05.2021
  566


Автор: Бәкір Тәжібаев

Әлия

Сөзін жазған: Бәкір Тәжібаев
Әнін жазған: Сейдолла Бәйтереков





Қобда, Нева суларын сүйіп өскен,
Әсем гүлін құшаққа жиып өскен.
Аққу құстың бейнебір баласындай,
Сұлу сазды, жастықтың күйін кешкен.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Саған белгі орнаттық мәрмәр тастан,
Саған күнде қызыққан мөлдір аспан.
Саған күнде жазылған көркем дастан,
Саған күнде құшағын көктем ашқан.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!

Шолпан жұлдыз - өзіңсің шоқтай жарық,
Көз алмаймыз көркіңнен тоқтай қалып.
Туған жердің төсінде мәңгілікке,
Тұр ғой сенің жүрегің оттай жанып.

Қайырмасы:

Әлия - ару қызы сен халқымның,
Әлия - батыр қызы сен халқымның,
Ерке құсы сен даламның!




Пікір жазу