30.04.2021
  210


Автор: Ұлмекен Лесбекова

Энтелехияның ізімен

 


Миледи деп ат қойғам.
Тағы атадым (жанарымда қап қойған).
Менімен бір жылайтын да, күлетін,
Менен елі аумай өмір сүретін,
тек қана бір қылығы бар жат бойдан.


Мен секілді, таңылатын жыр жазып,
Мен секілді, жаңылатын жыр қажып.
Менікіндей жазылатын өлеңі,
Ұйқасы да, үтір, нүкте, көлемі.
Және өзімдей, сүйсінемін, жыр ғашық.
Сәті түсіп, сұрағаным сыр ашып:
– Уа, Миледи, көгершін,
көсегең сенің көгерсін.
Ұшып кеткенде қыр асып.
Өлеңге ғана тулайтын мына жүректі,
Білсең ғой, жаңа жауқазын атып түлетті.
-Кім екті?
– иә, кім екті?
Кім болғанда да жүрегі мықты, білекті.


Бұлдауың анық, бұйыра көрме айыпқа,
Өлеңге, әсте, өмірім менің лайық па?
Гүлдер атады Майсыз да,
Аспан болады Айсыз да,
Аққусыз, бірақ, ажар кірмейді Жайыққа.
…Өлеңді тап та, өмірге мені лайықта.


Өлеңге мені ұшықтар ма еді? …киеңнен,
Өлеңге жеткіз, сәлемі дерсің Иеңнен.
Ол, әне, білсем, бұйда бұлттардың басында,
Пенде болғасын топырақ Жерді сүйем мен.


P.S. Жүрек әні, «Миледи» деп шырқаған,
Жет аспанға!
көңіліме жыр таған –
Өзі болсын саятшы.
қою күрең қиялына малталап,
шабытымды жастап жатқан шалқалап,
Өлеңімді оятшы!
Өлеңімді оятшы.





Пікір жазу