29.04.2021
  7498


Балалар күні - эссе

1 маусым - балаларды қорғау күні 


Бүкіл әлемде 1 маусым күні Балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау күні олардың денсаулығын сақтау, болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беру жөніндегі барша әлемдегі озық пікірлердің тоғысқан арнасы десек, артық айтқандық емес.


 


балалар күні эссе


 


Халықаралық балалар күні әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлайтын мейрам ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, әлімжеттік, қысым жасамауға үндейтін мейрам. Қоғамды кемтар, жетім, тұрмысы нашар отбасынан шыққан балаларды қорғауға, қолдауға шақыратын күн. Балаларды қорғау күнінде қорғау шаралары ғана емес олардың көңіл-күйлерін көтеру концерттері де болады. Бұл мереке балалардың асыға күтетін  мерекесі. Себебі,жыл сайын бұл мерекеде бүлдіршіндерді қуанту үшін іс-шаралар өткізіледі. Осылайша, Балаларды қорғау күні мереке ғана емес, сонымен қатар, болашаққа бағдар жасайтын маңызды шараның бірі. Адамзаттың алдында тұрған зор міндет - болашақ ұрпақтың бақытты өмірін қалыптастыру. Балаларға жастайынан жақсы тәрбие беруіміз керек. Балалар күнінде де осы тақырыпты қозғайды. Сонымен қатар осы мерекеде өте қызықты іс-шаралар болады.Балаларды қорғай білейік. 





Пікір жазу