26.04.2021
  868


Дастарқанға арналған бата

Соғым шүйгін болсын,
Қазаның тоқ болсын.
Уайымың жоқ болсын.
Дастарқандарың кең болсын!
Бала-шағаң ер болсын!
Бізге бергеннің есесін
Алла қосып, тең болсын!
Бата бердім, бақ тіледім,
Ақ дастарқан басына.
Я, Құдайым, шын тіледім,
Періштелер қорғалап,
Келсін деп сенің қасыңа!
Көңілің көлдей болып,
Көргенің түстей болып,
Қыдыр қонсын басыңа!





Комментарии

Баймұрат қызы Кенжегүл болам
Керемет бата екен

Пікір жазу