26.04.2021
  1061


Автор: Халық әндері

Жолың болсын жолаушы

Биік-биік тауларды,
Қызыл-жасыл бауларды,
Үлкен-үлкен қаланы,
Алыс-алыс ауданды,
Көру үшін аралап,
Асығамыз сапарға.

Қ/СЫ:
Жүрсең алыс жерлерде,
Аман-есен оралшы.
Сағынысып көргенде,
Құшақтасып, қол алшы.
Аспанда да, жерде де,
Асуда да белде де,
Жолың болсын,
Жолың болсын, жолаушы.

Ойдым-ойдым орманды,
Қабат-қабат қорғанды,
Тарқатылған бұрымдай,
Тарам-тарам жолдарды,
Көру үшін аралап,
Асығамыз сапарға.

Қ/СЫ:

Өзендерді, көлдерді,
Өзектерді, шөлдерді,
Жүгірген аң ұшқан құс –
Жете алмайтын жерлерді,
Көру үшін аралап,
Асығамыз сапарға.





Пікір жазу