26.04.2021
1002
Қамажай
Басында Қамажайдың бір тал үкі,
Айрылып Қамажайдан болдым күлкі.
Айрылып Қамажайдан отырғанда,
Келеді қай жерімнен ойын-күлкі?
Қайырмасы:
Ахау, хайлилайым, лилилайым,
Қамажай, қалдың кейін, сәулетайым.
Қолында Қамажайдың алтын жүзік,
Қамажай отыр ма екен көзін сүзіп?!
Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед,
Апырмай, кетті ме екен күдер үзіп?
Қайырмасы:
Ертістің жағалауын жағалймын,
Мұз болса, көк бестіні тағалаймын.
Үш топтан таңдап алған, Қамажайым,
Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын.
Қайырмасы:
Мал жақсы жылқы деген бағып жүрсе,
Мойнына үкі-тұмар тағып жүрсе.
Ішінен бір жорғаны таңдап мініп,
Аулына Қамажайдың барып жүрсе.
Қайырмасы: