24.04.2021
447
Көктем
Даусым әлсіз, бірақ еркім өр кеуде,
Махаббатсыз бір жеңілдік бойымда.
Биікаспан, тау самалыкеудемде,
Кірден ада, тазарғандайойым да.
Ұйқысыздық менен жырақ кеткендей,
Жамылмаймын қайғы-мұң көрпесіне.
Сағат тілі үрейлене күткендей,
Айналмады ажалдың жебесіне.
Өткен күндер билігі жоқ жүрегімде!
Еркінкүндержақынқалды. Кештімбәрін.
Күн сәулесі ойнақшып, түрленуде,
Шырқап келем көктемнің жеңіл әнін.
Анна Ахматовадан аударма