24.04.2021
439
Кім мықты?
Смартфон, компьютер, теледидар үшеуі “Адамзатқа қайсымыз пайдалымыз?” деп дауласып қалды.
– Мен ақылды телефонмын! – деп мақтанды смартфон.
– Ал менен барлық жаңалықты біледі, – деп қалыспады теледидар.
– Мен екеуіңнің қызметіңді қатар атқара аламын, – деп шіренді компьютер. Үшеуі смартфонның қуаты таусылғанша өзін мақтады. Смартфонның қуаты біткені сол еді, электр тоғының өше қалғаны. Сөйтіп үшеуі де үнсіз қалды.