22.04.2021
169
Мәңгілік тұрғын - Жер беті !
Аямас уақыт ,
Минутпен сағат ,
Ешкімді .
Әлемде жерде ,
Қартайып бүгін ,
Ескірді .
Тербеліп тұрып ,
Құрлықтың ішкі қабаты .
Сілкініп жатып ,
Жаңғырық даусы ,
Естілді !
Бәлкімде болар ,
Іштегі жатқан ,
Наласы .
Уақытқа салып ,
Адамдар бір сәт ,
Қарашы .
Кеудеге алып ,
Көтеріп тұрған біздерді .
Жер деген Ана ,
Ал біздер ,
Оның баласы !
Ойпаң мен қырат ,
Жазықты кескін ,
Келбеті .
Бесігі болып ,
Әлемнің бәрін ,
Тербеді .
Өзіңе енді ,
Жаратқан ием , жар болып .
Тыныштық орнап ,
Мәңгілік тұрғын ,
Жер беті !
Кеңдігін көріп ,
Пейілін біліп ,
Аңғардым .
Әжейдей бізді ,
Арқалап жүрсің,
Талмадың .
Шырағы сөніп ,
Өмірі біткен адамды .
Бауырға басып ,
Жатсынбай күліп ,
Қарсы алдың .
Осындай сенің ,
Тектілігіңді көргенде .
Басымды иіп ,
Қара жер саған ,
Таң қалдым !