22.04.2021
260
Мүбәрәк болсын - Жұма күн !
Сеніңіз мейлің , сенбеңіз ,
Ғарышта емес жердеміз .
Жұмыр жер , жалпақ әлемге ,
Құлшылық үшін келгенбіз !
Алланың еткен сынағы ,
Жер деген пенде тұрағы .
Назардан ешкім , тыс қалмас ,
Жаратқан ұлы қырағы !
Сауап іс жаса , жақсылық ,
Уақытың жатыр аршылып .
Иманды адал жандарды ,
Жұмақтан етер , жаршы қып !
Жақсылық жаса жүректен ,
Ғаламды Тәңір сын еткен .
Дүние деген базарды ,
Бәріде досым күнелткен !
Сондықтан ұғын жақұтты ,
Кеш батып , таңдар атыпты .
Құлшылық жасап , өткен күн ,
Шынайы әрі бақытты !
Тәңірге жаса , мың адым ,
Қолыңды жайып сұрағын .
Қабыл боп , дұға тілектер ,
Мүбәрәк болсын - Жұма күн !
нұрсұлтан надиров өлеңдері нұрсұлтан надиров шығармашылығы Мүбәрәк болсын жұма жұма мүбәрәк болсын жұма қабыл болсын