meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  21.04.2021
  297


Автор: Баймағамбетова Жәудір

Азат елдің баласымын...

Махамбет ата,азат елдің баласымын,


Сіздер бізге аманат еткен бар асылын.


Сіздер бізге жанын қиып сыйлаған,


Азаттық үшін қыршыннан жасы қиылған.


 


Махамбет ата,азат елдің ұрпағымын,


Еркін өсіп, білмей өскен өмір мұңын.


Білім алып, талпынған ғылым іздеп,


Жас ғалыммын еңбек етер Отаным деп.


 


Жерім, елім, тілім үшін жаным құрбан,


Намысым бар жанартауша атқылаған.


Халқым бар пейілі биік асқар таудан


Айырмасын азаттық деген басты бақтан.





Пікір жазу