Жігіттер бар...
Махамбет ата жігіттіктің нышанысың сіз бізге,
Біз , жігіттер, шалыс басып кетіп жатырқ кей -кейде.
Еліктейміз көрсеқызар қызбалққа салынып,
Сол бір жастар жатыр қалып намысынан айрылып.
Берген білім қонбай жатыр кей жастардың бойына,
Тегін білім, жылы мектеп, бұл жастарым тойды ма?
Сыйламайды кей оқушы білім берген ұстазын,
Ұстаз деген екінші ана бірге өткізген әр таңын.
Кейбір жастар тыңдар емес ата-анасын үйдегі,
Дұшпан санап алалайды өмір берген пендені.
Тыныш күнде дауыл жасап өз үйінен безінген,
Осындай жастар біздің елде Махамбет ата көбейген.
Жұмыстан қашып, оңай олжа көздейтіндер үйрілген,
Біреуді алдап, ұтыс ойнатып алаяқтықпен күн көрген.
Істі оң деп ата-ана жүр ізінде түлкі баланың,
Қолпаштап еріп, мақтан тұтады баланың әр қадамын.
Намысы жоқ, құр басын ойлап жастарым жүр адасып,
Қара мен ақты ажырата алмай келеді әлі шатасып,
Отанды сүю, жерді қорғау , тілді қастер тұтпайды,
Бұл жастар қайда, кімге еріп жансыз болып барады?