21.04.2021
  424


Автор: Баймағамбетова Жәудір

Махамбетке арнау

Елін, жерін құрмет тұтқан батырым,


Халқы үшін жанын берген асылым.


Арыстан мінез, Махамбет атам айбынды,


Азаттық үшін үзе білген ғұмырын.


 


Қаншама шайқас ұйқы, үйін ұмытқан,


Атойға салып жауының жынын қақтырған.


Жауларың сенің көзіңе қарай алмаған,


Дұшпандар қашып жеріңе аттап баспаған.


 


Бір қарыс жерің қымбат еді асыл өмірден,


Бір уыс құмың таразы басқан алтын толы себеттен.


Бір тамшы суың байлық еді көктен түскен кенеттен,


Күресуіңнің ең басы еді тізілген осы себептер.


 


Уа ғаламшар, осындай еді батыр атам Махамбет,


Отанды сүй деп жырлап өткен дауылпаз ақын ақиық.


Күйімен елді тебрентіп алып рух берген,


Осындай тұлға Махамбет атам тұнып тұрған бір тарих.


 


Тағзым етеміз  рухыңа атам ел болып бас иіеміз,


Жырыңды жаттап, күйіңді тыңдап ерлікті ту етеміз.


Азатпыз бүгін, өз жерімде құлынша шауып келемін,


Қарызбыз сізге, аяулы атам ерлігіңді пір тұтамыз!





Пікір жазу