20.04.2021
  304


Әкесі: Қызыма 4 жас туған күніне тілектер

Қызым 4-жас туылған күнің құтты болсын,өмір деген алып кеме.Сол кеменің жүрісімен сенде өмір толқындарымен араласа,арпалыса,балалық шақ жағалауына қол бұлғап,адам өмірінің көктемі жастық шаққа да келіп жетерсің.Өмір шуағы мен дауылы,қайғысы мен сауығы қатар,жеңілі мен ауыры қатар алмасқан алпауыт. Өмірмен күресіп жеңе білгендер де,жеңіліп жетегінде кеткендер де бар. Сен солардың алғашқысына қосыл.Өмірде кездесетін сан қилы ауырлықтар мен қиындықтарды ақылмен сабырмен жеңе біл. Аспан бұлтсыз болмайды,демек адам өмірінің де бұлтты күндері болар.Бірақ сенің өміріңнің шуақты күндері көп болсын.Қызым сенің аңсаған арманыңа жетуіңе қолымнан келгенше тырысамын. Жаныыым қызым өмірде бақытты бол


 


құтты болсын, 4 жас, қызым





Пікір жазу