18.04.2021
343
![](/uploads/shorttexts/author_image/unnamed-file-11.jpg)
Істеген ісім кетті далаға
Істеген ісім кетті далаға,
Қашан өтіп шығам деп,
Қайғырамын мен-дағы
Жайықтан арғы далаға.
Басқа қысым түскен соң,
Қайрылмастай күн болды
Қатын менен балаға.
Барсаң сәлем айта бар
Ата мен анаға.
Жаудан аман жан қалса,
Қара орман малым садаға.
дала іс Жайық бала ана Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлы өлеңдері Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы