18.04.2021
260
Еменнің түбі — сары бал
Еменнің түбі — сары бал,
Еріскен көңіл — бәрі бал.
Жоғарыдан төмен төгейін,
Керегіңді теріп ал.
Қасыма ерген, жолдастар,
Антыңды бұзып айрылма,
Зейініңді бермен сал.
Жапанға біткен жасылдай - ау,
Момындардың басы cay,
Жаманды байқай қарасаң,
Күндердің күні болғанда,
Өз басына өзі жау.
Арғымақ жақсы ат мініп,
Жеке шығып елімнен,
Толықсып толғау толғасам,
Іштегі қызғын басылды - ау!
Жапанға біткен бәйтерек,
Жапырағын байқасаң,
Жайқалмаған желденді,
Түбіндегі балаусасы белденді.
Хан, төренің кешігіп,
Кідірмегі елденді.
Кешіп өтпек сайланды,
Шығынды бөлмек байланды.
Ақ киіктің орып,
Жүгірмегі майданды.
Батыр болмақ ойланды,
Айғайласып жауға ти,
Тәңірім білер, жігіттер,
Ажалымыз қайдан?