17.04.2021
238
Күмісті мылтық қолға алып
Күмісті мылтық қолға алып,
Көлден қуларды ұшырдым.
Қолымдағы құсымды
Қапылыңмен ұшырдым.
Алтыннан әйбәт тор жасап,
Ақырда қолға түсірдім.
Шамдансам, шалқамнан түсер асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар болатпын.
Құс ілген ңуда сын жоқ ұятпен.
Жігіт жауға шаппай қалар деймісің? -
Қанды көбе киініп,
Бір аллаға сиынып,
Кезенген жауға кез келдік
Жалаң найза бір атпен!
күміс мылтық құс көл Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлы өлеңдері Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы