17.04.2021
409
Арғымаққа оқ тиді
Арғымаққа оқ тиді
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді
Ауыз омыртқаның түбінен.
Жантайып жатып көп іштім
Жаздықтың шалшық көлінен.
Қайтейін енді, дүние - ай!
Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен.
Мен ақ сұңқардан туған қудаймын,
Бір сұңқарға жұбаймын
Сауырыма қамшы тигенде,
Шаппай не ғып шыдаймын
Түбін қазған мен бәйтерек,
Толқуменен құлаймын.
арғымақ оқ жігіт ер Омыртқа Махамбет Өтемісұлы Махамбет Өтемісұлы өлеңдері Махамбет Өтемісұлы шығармашылығы