17.04.2021
  206


Автор: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

"Той" — деген соң

Жылым - қой, алпыс алты тұрған жасым,
Ағарған коп сөйлеумен сақал-шашым.
Жүруден аяқ-қолым жалықса да,
Кез екен домаланып жатпай басым.
Кереку бара қалдым қаласына,
Көп бас қосқан жанталас арасына.
Паромның душарластым тап өзінде,
Ол Нажмаддин хазіреттің баласына.
Жан екен өзіне де Құдай берген,
"Құтылмас деген сөз бар,- иман ерден!"
Ұшырастық Үркер айдың тоғысындай,
Танысып, шұрқырасып көрген жерден.
- Жігіттер, бір шабыстан танба! - дейді,
- Бұл кісі келсе, бөгеп қалма ! - дейді.
Күнінде олай-бұлай қырық өтсе де,
Бір тиын мұнан былай алма! - дейді.
Біліскен жан емеспіз бұрын көріп,
Елжіреп іші-бауырым кеттім еріп.
Аруағы атасының желеп-жебеп,
Тур екен өзіне де Құдай беріп.
Атандым жұртқа Мәшһүр құлын жастан,
Сөзім бар алты алашқа болған дастан.
Беретұғын құлына Ием Жаббар
Үйіп-төгіп береді әуел бастан.
Дүние - базар: құрылған ісі - сауда,
Құс торда күн кешкен, балық - ауда.
Бүл хазірет Бұхардан келіп әуел, бірер жыл тұрақ қылған Баянтауда,
Сонда біз бала екенбіз табан бесте,
Алдына алып, жүгінтіп ерте-кеш те.
Ағузы бісмілланы үйретіпті,
Дүр тасы бүл қалған сол біздің [есте].
Сонда мен Шар кітаптан алдым сабақ,
"Бітта микуанемң — деп, бекем шығыс қа[лап].
Садапқа дүр төгіліп, орнын тауып,
Өмір - азық, таусылмас, болды тамақ.
Сонан соң мен көркейдім қандай болып,
Ағарып аппақ атқан таңдай болып.
Аузыма ағузы бал боп жұғып,
Күні өтіп үймелеумен шыбын қонып.
Бұл сөзді әшкерелеп халқыма айттым,
Әр жерде қосып атын қалам тарттым.
Бұрынғы (мұрнағы) жыл-айында марапазан (жарапазан),
Басына бір жұма (жұмға) күн барып кайттым:
- Атаңның шәкіртімін, атым - Мәшһүр,
Сен жақсы боп туған соң ашыл[сын] сыр!
Тәңірі берген айрылма бір қалпыңнан,
Осы жақсы аталған қалпың[да] жүр.
Естідім: жазғытұрым қылыпсың той,
Екі өгіз бен сойыпсың жетімек қой.
Қолы ұзындық белгісі той-тамаша,
О да бір Құдай берген абырой ғой!
Кетесің кезен дессең бір шалдырмай,
Анау-мынау жаманға сыр алдырмай!
Тойыңа шақырыпсың атын атап,
Қаржау менен Күшіктен жан қалдырмай!
Жұрттың басын қосыпсың жиын-тоймен,
Талаптанып зорайып үміт оймен:
"Қалай маған бостан-бос құр келеді,
Біреу жетек, келер деп,- біреу қоймен.
... "Той"- деген соң, келіскен желе-шаба,
Тайлы-таяқ, қалмастан бала-шаға.
Өлшеп қолдан қойғандай - үш шелектен
Қымызы бар ішінде бір-бір саба.
Жілік салдың сабаға үш кез ақтық,
Сырттан санап тиынды біз де шақтық.
Қалай жүйрік саудаға өткерілген,
Тиын артық жібермей қылған сақтық,
Түбі Қаржас Қазықбай шығарды үнін:
- Үйден ал, - деп, балаға арнап құлын.
Ішіп-тышып жөнелді Қаржау, Күшік,
Бірде-бірі шығармай бұзау тілін.
Үйректей жүзіп, қалқып қаздай ғана,
Өз қылығы өзіне аздай[ғана].
Тағы онымен қоймайды еркелікті:
Түк алмастан өткіз - деп, жаздай ғана!
Кім біліпті мұндайын мұнан бұрын,
Қаржау менен Күшіктің білдік сырын.
Енді менің білгенге айып емес,
- Теріс айналып кетуім, қарап қырын!





Пікір жазу