Миркамалалдин ишанға
Пірлерден зат едіңіз тиген назар,
Тамаша жүрген жерің болған базар.
Қасиет кәріптіктен (ғарібліктен) пайыз тауып,
Тәбиб болдың дауасыз дертті жазар!
Бұйрықты тұз несібе адамды айдар,
Барады күн-күн өтіп, жыл мен айлар.
Табылар, барсаң қайда іздегенмен,
Пайыз абад патих абадгай шәриф жайлар?!
Жастықта сіз де, біз де көрдік оны,
Дариға, сондай жайлар енді кәне?!
Парат саледе наурыздама той тамаша,
Ғажап жай Бұқараның рүкістаны.
Кәпір мен мұсылманның шекарасы,
Әдеплік, барша пақыр бұқарасы.
Көрінер — көз ұшынан сағымданып,
Арық пен мешіт күллі мұнарасы.
Күмбезі Мирғараптың тұрған қатар,
Періште сипатты жан сонда жатар.
Көкалдаш - айналасы толған базар,
Әдемі - көптігінен басың қатар.
Ұшырайды көп пәлеге дүние жиған,
Болады мұнан халас нәпсі тыйған.
Басына дүйсенбі күн ат базары,
Аузында дарбазаның (даруазаның) - хазірет имам.
Медресе: мүфти, қазы,- бәрі молда,
Ақ күміс - ұстағаны алтын ділда.
Сенбі күн таңертеңгі зиаратқа
Шайхы, молда, Шаддат хан жиып Алла.
Тамаша таңғажайып әрбір жері,
Тракайды барсаң сонда, іштің шері!
Жойбарлық махалласы - өңшең қожа,
Ғажап жай Бұхараның үштен бірі.
Бұхара қылсам сейіл базарына,
Ерлердің болсам душар назарына!
Басында қолым жайып тұрсам барып,
Хазірет имам Қазыхан мазарына!
Басына құшақтасам барып туын,
Әулие қатар жатқан буын-буын.
Гүл бусруех Баһауалдин сейілінде,
Қант салған ішсем дүние хауыз (жүзі) суын!
Арман жоқ көрсем барып тамашасын,
Басында әр мазардың оқып ясин.
Насихат мадақлардың сөзін естіп,
Ағызсам екі көздің қанды(қанлы) жасын!
Несіп боп Бұхараның суын татсам,
Бүк түсіп бір хыжырада жалғыз жатсам!
Нанын жеп, Бухараның суын ішіп,
Армансыз болар едім аштан қатсам!
Тамаша көрген жанды таң қалдырған,
Таңданып қарағанда, көз талдырған.
Шаршы базар шаһардың ортасынан
Атақты Ғабдолла хан там салдырған!
Қадамжай мешіт махалла — жердің асты,
Ондай жан бұ жаһанда табылмас-ты!
Өң түгіл, түске кірмес мекенжайды
Барған соң Тәңірім айдап, аяқ басты,
Білдік пе оның қадірін біз ол шақта,
Жүгіріп жүрді көңіл әрбір жаққа.
Айрылмай тіс-тырнақпен жабысар ек,
Кәнеки, бір көрінсе осы уақта!
Түн болса, көше бойы жаққан панар (фонарь),
Бихисап толып жатыр тамашалар.
Сахарада ат органы (ұрғаны) ғарышқа жетіп,
Жер жарып һу, зікірімен диуаналар.
Нануайлар айғай салып, деп:
"Ыстық (нисих) нан
Табылып бір көшеден мың түрлі жан.
Оқиды хош әуезбен кетіп һошы,
Жұма күн мешітлерде "Мышной хуанң.
Ермегің еріктірмес: кітап қолда,
Сол шығып маталғаның, болсаң молда.
Молданың сабақ алған бірі болып,
Дүниеден өтіп кетсең жатып сонда!
Дүниенің ойға алмастан көбін-азын
Құдайдың кім тауысар қысы-жазын?!
Оқысам мен, ол Бабай - паровоз да,
Бейсенбі (быһсенбе) күн ол ерте таң намазын!
Өткен күн, жүрген жерлер ойға түсіп,
"Барсам,- деп,- тағы айналып!"- көңіл көшіп,
Елтімес, дұғаңыздан қылған үміт
Құрық қол бибзағыт Мәшһүр-Жүсіп (Иосиф).