17.04.2021
  182


Автор: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Ғалының тағылымы

Азырақ мен сөйлейін Ғалы ерден,
Бата алған пайғамбардан-абзал шерден
Бір күні серуенге шығып жүріп,
Сайран ғып дүниенің көбін көрген.
Сол беттен тағы жүрді күнбатысқа,
Кетіпті Мединеден тіпті алысқа.
Бір жалғыз ақсақалға кез келіпті,
Тырмысқан қолы жетпей бір талысқа.
Бұйдадан бір өгізді жетелеген,
"Босанса, өгіз қашып кетед!"- деген.
Айдаса, өгіз жүрмес талыс жаққа,
Дүлділмен Ғалы келді секектеген.
Сәлем берді ер Ғалы келіп қалып,
Жалт қарады ақсақал сәлем алып.
- Өгізді ұр!- деп, ақсақал сұраған соң,
Жіберді шаһимардан салып-салып.
Ұрғаны білінбеді титтей шағып,
Елемей өгіз тұрды, құлақ қағып.
- Япырмай, не еткен нашар бала едің?!-
Ақсақал сөз айтады оған налып.
-Мінейін өгізіме өзім барып,
Жіберші ол талысты маған алып!
Арыстан:
- Жарайды!-деп, мына сөзге,
Көтермек ат үстінен іліп алып.
Мынау іс болды ғажап арыстанға,
Ала алмай сол арада қалды таңға!
Жаһанда қамал бұзып жүрсе-дағы,
Қалды ғой алақандай талыстан да.
Еш пенде жыға алмаған арыстанды,
Ғалы ер мынау іске намыстанды.
Бар күшімен аямай тартқанында,
Дүлділі жерге кіріп жатып алды.
Ақсақал өгізіне мініп келді, Жіберді:
-Былай тұр!-деп, Ғалы ерді.
Найзамен іліп алып, олталысты,
Күнбатысқа бетімен жүріп берді.
Ғалының бұл жұмыстан беті қайтты,
Құдайға сасқанынан, нәзір айтты.
Айтуға бабасына бастан-аяқ,
Сол жерде Мединеге түзу қайтты.
Мынау іс Ғалы ерге жаман батты,
Айтуға бабасына келе жатты.
Аш-арық ақсақалға душар болып,
Тоқтатып дүлділінің басын тартты.
Бейнеттің неше түрлі дәмі батқан,
- Сусын!- деп, зарланумен келе жатқан.
Қараса, оң жағында бір шар аяқ тұр,
Су-тұзды тағам бар толып жатқан.
Аш-арық келе жатыр қадам басып,
Бұралып, өле жаздап, қаны қашып.
Кез келіп өлексеге құрттап кеткен,
Құмартып жей бастады асып-сасып.
Тамақты неше жақсы жемей барып,
Асайды өлексені боқтан сасық.
Мұны да бабасына айтайын деп,
Жөнелді Ғалы арыстан қапаланып.
Артқыға осылайша сез болыпты,
Қаншық ит көп ұзатпай кез болыпты.
Күшігі ішіндегі тумай үрген,
Шабаңыз, міне, осындай іс керіпті.
Тағы да мынау істен пікір алып,
Айтпаққа бабасына тура барып.
Жол үстінен бір жылан көрді-дағы,
Тоқтады, қамшыменен тартып қалып.
Жылан сонда қамшыға ілігеді,
Ер Ғалы түсірем деп сілкіледі.
Сілкісе де, соқса да, өрлей берді,
Ақырында келіп қапты бүлдіргені.
Жыланды қамшыменен лақтырады,
Бойлары тітіркеніп сап тұрады.
Жаһанда сансыз қамал бұзса-дағы,
Жүрегі осы сапар абдырады.
Көреді мұнан кейін қара бура,
Бастырмай арыстанды-ай тұпа-тура.
Тағат қып, заһарына шыдай алмай,
Қашады дүлдүл атын ұра-ұра!
Састырды осылайша Ғалы ерді,
Құтылып, Мединеге келіп кірді.
Сол бетте бабасына келді-дағы,
Көргенін бастан-аяқ сөйлей берді.
Пайғамбар мұны естіп, жайланған соң,
Жиналған кеп халықтар таң қалған соң.
Шешуін Ғалы ерге былай деді:
- Шырағым, астамшылық ойлағансың!
Ойласаң, менменшілік-Тәңірім қасы:
"Кез келсе маған,- дедің - жер тұтқасы,
Төңкеріп дүниені жіберер ем,
Қаңбақтай болар маған бар нұсқасы!"
Тосқызған мұндай іспен Хақ тағалам,
Ақсақал-көк өгізді Хызыр бабаң!
Ол талыс - дүниенің төрттен бірі,
Жетпеді көтеруге сенің шамаң!
Екінші-ол қайыршы-ақсақал шал,
Қолында қанша халал болады мал.
Ішіп-жемей, өзінен қызғаныш қып,
Ұрлыққа қиянат пен ұста болар.
Үмбетім сондай болар - ақыр заман,
Шошқадай боқ асайды, ол жеп харам.
Солардың қайғысынан ұйқым келмес,
Иллаһи, ғасылыңа ал, Хақ тағалам!
Үшінші- ол көрінген бала болар,
Замана жыл-жыл сайын сұм боп солар.
Ақырғы үмбетімнің балалары,
Ананың құрсағынан туа шулар!
Төртінші - заман ақыр қатындары,
Болмайды беттерінде титтей ары.
Жыландай тиген сайын, қарсы өрлеп,
Түнерген бұлтты түндей ашулары.
Бесінші - үйде жатып, ой ойладың,
Ісіне ғазірейілдің таңырқадың!
Күші асып ала ма екен, иа, рұқсатпен,
Дүниеден тегіс жойған барша жанның?!
Күштесе, күші менен асар ма еді,
Тең келсем, ғазірейіл де сасар ма еді?!
Күнәһлы жалғыз Алла қылмас болса,
Соғыссам, батыр-екең қашар ма еді?!
Заһарын бура қылып, жіберген Хақ,
Қандайын ғазірейілдің көрмедің нақ!
Ғибрат үшін Алланың көрсеткені-
Құдай-бір, Құран-шын, пайғамбар-ақ.
Бұл сапар-көп сапардан қайырлы жол,
Ақылды, ойлағанға ғибраты мол.
Адамның баласына үлгі үшін,
Алланың саған-дағы көрсеткені- ол!
Дінді тап, білімді тап, дүниені-тап,
Білгенін айтып жатыр тіл менен жақ!
Бір қалмай, артымызда, бара жатыр,
Болдық қой жайылатын хайуандай-ақ!
Пайғамбардың ақтық үні
Азырақ икрам алып, көзі ілінді,
Аһылбайт баршасы һәм жай отырды.
Сол уақытта Қадір құда құдіретімен
Ғазірейіл періштеге әмір қылды:
-Достыма сәлемімді айтқыл барып,
Кіргейсің хұжырасына рұқсат алып.
Құп алса рух шарпын хафіз айла,
Болмаса дегеніме, келгіл қайтып!
Ғазірейіл пәрменменен көктен енді,
Мың мәлік зейнетленген қасына ерді.
Бір кәріп суретінде есікке кеп:
- Кірмекке бола ма?!- деп әуез берді.
Ғайша айтты:
- Жауап бер!- деп, Фатимаға,
Фатима іште тұрып, айтты аңа (оған):
- Азырақ тыста тұрып, сабыр етіңіз,
Бұл уақта пайғамбарда жоқ тұр шама!
Және айтты ызғар етіп:
- Кіремін!- деп,
Ілгергі сөзін айтты Фатима кеп.
Үшінші қатты әуезбен айтқанында,
Баршасы аһыл баптың тітіреді көп
Оянды ұйқысынан расул-құда,
- Қалай-деп сауал етті,- себеп мұнда?!
Фатима расулге айтты:
-Араб келіп, Есіктен: "Кіремін!"-деп, қылар нада!
Оларға жауап беріп, айтты расул: -
Сіз көрген араб емес, біліңіз бұл!
Пенденің ағзасынан жанды алатын,
Ғазірейіл Мәлік- ашмут періште ол!
Фатима пайғамбардан мұны естіп,
Қайғырды қапалығы хадден өтіп.
- Мәдине харап болдың,- деп айтса дүр,
Басына қолын қойып әуез етіп.
Пайғамбар Фатиманың қолын алды,
Өзінің көкірегіне әкеп салды.
Онан соң несібесінен нышан болмай,
Көпке шабыс һош болып талып қалды.
Коңіліне тұрғанлардың қиял жетті:
"Дүниеден,- деп ойлады,- мағар өтті!"
Расулдің құлағына аузын [қойып]:
Фатима: "Жан ата!"-деп, әуез етті.
Бермеді расул құда жауап әр кез, Және де:
-Атбыта!-деп, жығылды тез.
- Жолыңа жаным құрбан, кезіңді ашып,
Бір мәрте бата зар сал!- деп, айтылар сөз.
Пайғамбар бұл сөзді айтты көзін ашып:
- Ей, перзент, кеп жылама, жасың шағып.
Баршыдағы періштенің баршасы һәм
Сөзіңе тағат қылмай, тұр жыласып.
Насихат:
- Жылама!-деп, айтылар кеп!
Көз жасын сүртер еді қолымен кеп.
- Артымнан, мен келген соң, айтқыл!-деді,
- Анарше уайыниа алтиер ражию!-деп.
Онан соң расул көзін жұмды және,
Жығылды аһыл байтының бәрі һама.
- Фарбата.һ кәріп болған, жан атам!-деп,
Фатима хадаен артық қылды нала.
Пайғамбар Фатимаға:
- Мұны - деді,
- Атаңның пақыр ғұмыры дүниеде еді.
Бұл дүние бес бақыстан өткеннен соң,
Мехнаттан халас етер аңса мені!
Өсиет, талап қылып Ғайша келді,
Ілгергі айтқанындай жауап берді:
-Пайғамбар азубының бәріне һәм,
Ғайшаға есиетіндей айтар еді.
Пайғамбар бұл сөзді айтты Фатимаға:
Ұлымды:Хасен, Хұсайын келтір маңа[маған
Жүзіне Хасен жүзін қойып тұрып,
Хұсайынды көкірегіне басты және.
Қолымен екеуінің сүртіп көзін,
Қаншама мейірбанлық айтты сөзін.
Ғалыны онан кейін алдына алып,
Иығына тік отырды сүйеп өзін.
Деп айтты:
-Ай, Ғалы, сен бол хабардар,
Мойнымда пәлен жаһут хақысы бар!
Әскерге жаратпаққа алып едім,
Бергейсің ада қылып оны занһар.
Хауыз кәусар кенеріне барғанда мен,
Жолығатын үмбетімнің әуелі - сен.
Өзіңе неше түрлі қайғы салар
Дұшпан боп көп мұсылман кейін!-деген.
Әр түрлі жәбір көрсең, сабыр айла,
Тағат қыл, ақыреттің қамын ойла!
Дүниенің хакімлік пен шатлығынан
Пендеге бір зәредей болмас пайда!
Өзінің құлдары мен шораларын,
Тапсырды Мартазаға оның (аның) бәрін:
- Тамақтан жә киімнен кем болмасын,
Ескеріп, тұрғыл-деді-көріп халін!
Көп еді пайғамбарда шора мен құл,
Ғазадан келген еді асылгері бұл.
Өзінің кесел болған уақытында
Қырық құлын азат қылды Хақ расул.
Онан соң пайғамбардың келмей халі,
Кеңінен өзгеріліп кетті бәрі.
Қайтадан өзінің мүбәрәк төсегіне
Жатқызды Ғаббас пенен хазірет Ғалы.
Расулдің өлімі
Ғазірейіл сәлем берді ішке кіріп,
Пайғамбар ғалік алды оны (аны) көріп.
Деп айтты:
- Иа, Мұхаммед, рұқсат берсең,
Рухыңды хапіз (хасіз) етпекке тұрмын келіп.
Хал тілмен Расул айтты:
-Жә, ғазірейіл,
Рухымды алмақлықтан сен сабыр қыл!
Жебірейіл қарыстасым (періштесі) қайда кетті,
Қасыма неге келмес уақытында бұл?!
Ғазірейіл әуез қылып айтты және:
- Мәліктің есебіндегі бәрі һама (нама).
Жебірейіл ортасында мәтім тұтып,
Жыласып (жығласып) аза (ғаза)қылып тұрғыл саңа
(саған)!
Жебірейіл сол мезгілде көктен еніп,
Алдында әзір (хазір) болды, сәлем беріп.
Пайғамбар Жебірейілден сауал қылды:
- Әкелдің не хош хабар Хақтан келіп?
Жебірейіл Расулға айтты:
- Қайырланам (хайырланам):
- Әкелдім мархабатлық сізге сәлем!
Жаннатты еіздің үшін даярлады,
Бекітті жаһаннамның бәрін тамам.
Зор (қор) ғылыман есебіндегі періштенің,
Бір Құдай санастырып қойды бәрін:
- Расулдің рухшарпы (шарсы) келеді!-деді,
Жолыңнан тізер дүр баршасы оның.
Деп айтты Расул:
- Құдая, Жебірейіл,
Хош болмас менің көңілім мұныңмен, біл!
Бұл күнде ғаміл көңілім харсант болып,
Артықша сүйінгендей, бір хабар қыл!
Жебірейіл пайғамбарға айтты мұны:
- Әуелі сіз тұрасыз махшар күні.
Үмбетін шапағат қып алмақлықты,
Бір Құдай сізге берді әуелгіні.
Пайғамбар Жебірейілге айтты және (жап.)
Мұнан һәм артық етіп іс (біті) қыл маңа
Жебірейіл Расулге айтты: - Жасару бар,
Харсантлық бір хош хабар айтты саңа (саған),
Кіресіз жаннат ішіне әуелі сіз,
Нәбилер сізден бұрын кірмес әр кез.
Ілгергі үмбетлердің баршасынан
Жаннатқа үмбетлерің кіреді тез.
Пайғамбар айтты Жебірейілге:
- Ай, Бірадар,
Мекені жақсы құлдың жаннат тұрар.
Күнәкар ғасы жайы үмбетімнің
Ахуалы нешікболар асла (істе) аз һәр?!
Жебірейіл мекеніне қайтты, жатып,
Алланың дәргаһына айтты барып:
Достыңа сәлеміңді айтып едім,
Қайталанбас көңілі әр кез харсантланып.
Күнәсын тілеу еді үмбетінің,
Жауабын қайтарайын, не деп мұның?!
Алла айтты:
- Ғасыр үмбет тәубе қылса,
Ілгергі өлмегінен бір жыл бұрын.
Ілгергі күнәсының бәрін кешіп,
Жаннатты қыла дүрмін оған несіп.
Махшарда пайғамбардың өзі бірлан,
Сираттан өтсе керек бірге ілесіп.
Жебірейіл пайғамбарға келді-лер баз,
Білдірді Хақтың әмірін қылып ағаз:
Бір жылдан ілгергіні ғафу етті,
Алланың дәргаһынан болса паруаз.
Бұл сөзді Жебірейілге айтты Расул:
Бір жылда қанша күнә болар хасыл?!
Күнәсын әуел ақыр бағышласын,
Айтыңыз дәргаһына арызымды (ғарызымды) бұл!
Аллаға бұл сәлемін айтты және,
Құдіретімен әлһам етті уахи дана:
- Өлімнен бір ай бұрын тәубе қылса,
Кешейін күнәсының бәрін һама!
Жебірейіл пайғамбарға қайтып келіп:
Білдірді Хақтың әмірін хабар беріп.
Бір айда қанша күнә болар?!-деді,
Айтты һәм Расул құда ауыр көріп.
Жебірейіл бір Алланың дәргаһына
Арыз етті (айтты):
- Риза емес достың мұңа! –
Аптада тәубе қылса, кеше дүрмін!-
Құдіретімен әлһам етті қадір Алла.
Расулге қайтып келіп бек сәлемін,
Пәрменді мағлұм етті бір Алланың:
Аптада қанша күнә, хасыл болар!
Шатланбас мұның бірлан көңілім менің!
Білдірді бек сәлемін қылып ағиан,
Алла айтты құдіретімен қалып пәрмен:
- Өлімнен бір күн бұрын тәубе қылса,
Базыларыммен бар күнәсын кеше дүр-мін
Жебірейіл хабар берді пайғамбарға:
- Өлер күні тәубе қылса, кешкей Алла!
Бұл және көп болады - деп,
Расул айтты-
Бір күнде ғасы үмбет қыла[р] әр не?!
Жебірейіл бұл сөзді һәм айлады жат,
Алла айтты:
- Тәубе қылса өлер сағат,
Күнәсын әуел-ақыр бәрін кештім,
Отынан жаһаннамның қылып азат.
Пайғамбар сағатты һәм ауыр көрді,
Жебірейіл дәргаһына хабар берді.
Алла айтты:
- Мұның бәрін ауыр көрсе,
Фазылымен ызғар (аз һар) етіп, айтты енді:
- Ғұмырында күнә қылып пенде жүрсе,
Өлерде жан бұғазына келіп тұрса.
Аузымен айтпақлыққа халі келмей,
Көздерін пұшайманмен нәлі қылса.
Кешемін күнәсының бәрін һама,
Анадан туған сипат болғай және (жана).
Жігер де тәубе қылмай өтіп кетсе,
Шапағат қыла дүрмін Расулды аңа (оған)!
Жебірейіл бір Алладан мұны естіп,
Білдірді Хақтың әмірін аз һар етіп.
- Үмбеттен енді көңілім тынды,- дейді,
Расулдің көңіліне шатлық жетіп.
Және айтты Жебірейілге:
- Ай, Бірадар,
Айтайын көңілімде үш арыз бар!
Әуелі үмбетімнің күнәкарын (күнаһарын),
Жаннатқа шапағатпен кіргізсін-лар!
Екінші, қанша күнә қылса пенде,
Дүниеде көрсетпесін азап (ғазап) аңа (оған).
Үшінші, үмбетімнің күнәларын
Бейсенбі һәм дүйсенбі ( дүйсембі) күні маңа (маған)
Көрсетсін өз алдыма алып келіп,
Қараймын ағмалының бәрін көріп.
Дұға қып, жақсы болса, шатланармын,
Күнәсын, жаман болса, һәм тілетіп.
Жебірейіл бір Аллаға қылды ағлам:
- Бердім,- деп, жарылқады баршасын һәм.
Онан (анден) соң пайғамбарға нада қылып,
Құдіретімен бұл сөзді айтты уахи акрам:
- Үмбеттің осыншама жедің қамын,
Кім салды өз көңіліңе мұның бәрін?!
Арыз (ғарыз) етіп Расул құда Аллаға айтты:
-Көңіліме мұны салған фазылың сенің (сәнің)!
Алла айтты: - Салған болсам қиялды бұл,
Боласыз не себептен мұнша мәуіл?!
Баршасын рахматыммен жарылқармын,
Үмбетке сенен мейірім (меһірім) жүз есе қып
Пайғамбар:
- Тынды,- дейді,- көңілім менің!
Тапсырдым үмбетімнің саған бәрін!
Аздырмай, тура жолмен, өзің сақта!
Мен сені халифасы қылдым оның!
Әлқисса, болғаннан (болғанден) соң бұл сол
Уахидан парығы болды, қайырланам
Жебірейіл бек аламин сонан (анден) кейін,
Қоштасып (хошласып) пайғамбармен айтты
Ахамада ғүмалла хош қал етті,
Бұл күні ажырамақтың уақыты келді.
- Әр (һәр) заман бұл дүниеге келмегіме
Мәдиғам һәм мақсатым ( мақсұддым) бір сіз ерді
Дүниеге келмегеймін енді мен тез,
Алладан уахи әлһам болмағай кез.
"Алудағы, әліфтегі жә, Мұхаммед!"-деп,
Қайғырып мекеніне қайтты-лар тез.
Расул һәм қош айтты болып мәуіл,
Деп айтты сонан (анден) кейін:
- Жә, ғазірейіл,
Күнәкар үмбетімнен көңілім тынды,
Кел енді, бір Алланың бұйрығын қыл!
Ғазірейіл сонан кейін даярланып,
Тәртіплер (тартылар) рух шәрібіне шипа салып.
Жанына бір кесемен суды қойып,
Көк пісте, сүртер еді, қолымен алып.
Терледі қиналғаннан маңдайлары,
Реңі (реңкі) өзгеріліп кетті бәрі.
Мүбарак пайғамбардың жүздері һәм
Тағы қызыл болар еді, тағы сары.
Пайғамбар сауал етті ғазірейілден:
- Қиналдым жан бергенде осынша мен!
Осы түрлі қиындықпен аласың ба,
Кейінгі үмбетімнің жанларын сен?!
Ғазірейіл жауап беріп, айты-лар сөз:
- Ешкімге рахмат етпедім сіздей әр кез!
Аспан, жер, тау мен тастар (ташлар) тағат қылмас,
Қаһарыммен алғаныма болғандар кез.
Пайғамбар ғазірейілге айтты және;
- Қуатсыз үмбетімнің бәрі һама (хама).
Бұл күні әр (һар) не болса, мен көрейін,
Үмбетімнің жан ашығын салғыл маңа (маған)!
Онан соң Расул құда қиналды көп,
Сол уақытта қолына алып бір мисуак шөп:
- Ағызына әр мезгілде салар ер-ді,
Жә, Алла, есендікті нәпіс қыл!-деп.
Расулден өзге сөздің бәрі қалып,
Үмбетін айтар еді ағызына алып.
Мүбарак рухы, шарпы париаз (парпаз) етіп,
Жаннаттың бостанына қонды барып.
Пайғамбар сапар етті дүйсенбі күн,
Әне (ана), Алла, уана Алла, һәм ражим бұл.
Аһыл (ағыл) бәйіт азу ажының баршасы
һәм, Расулдің өлгендігін біле білер, біл!
Жылады баршасы һәм париат етіп,
Бағзысы талып қалды есі кетіп.
Фатима нала қылып жығылар (жылар) еді,
Артықша қапалығы хадден Өтіп.
Дер еді:
- Ай, Абата, ата-жаным!
Сүйенішім, һәм жаным едің менің (маным).
Жебірейіл көк жүзінен нәзіл болып,
Хақ[тың] әмірін енді кімге қылар мағлұм?!
Жә, Алла, хафиз айлағыл жанымды сен,
Достыңа жылдам барып ұшырайын мен!
Раһбарым, пайғамбарым, сардарым!- деп,
Жылады (жығылады) аһыл (ахыл) байтлар бірлан.
Есітіп сахабалардың бәрі һама,
Сәждеде жылар (жығылар) еді, қылып нала.
Піриат қып бастарына қолын қойып,
Дер еді: "Уа, Халиолла ғамада!"
Осындай бірнеше жүз ауызына (ағызына) алды
Бағзысы бихош (биһош) болып талып қалды.
Артықша өзгелерден хазірет Ғұшман
Жыларға халі келмей, жатып қалды.
Ортада хазірет Ғұмар тіке тұрып,
Айтады қылышына қолын ұрып:
- Бір кісі Мұхаммедті өлді!-десе,
Бөлемін екі хысса оны (оны) қылып.
Бұл уақта Расул құда жатыр талып,
Түзелер аз уақытта саламатланып.
Бұл сөзден тұрғанларға шүбә (шүбһа) жетіп,
Жыламай қарап тұрды тілін алып.
Ол күні аспандағы күн тұтылып,
Болмады бірін-бірі ешкім біліп.
Дүниені зұлмат тұтып турар еді,
Расулдің өлгеніне аза қылып.
Ол уақта Әбубәкір үйінде еді,
Ғайшаның хұжырасына кіріп келді.
Үстіне жауып қойған пердені алып,
Мүбарак пайғамбардың жүзін көрді.
Айтады жүзін өбіп:
- Уаһи (уахи)асқан!
Дер еді қолын өбіп: "Уаһи аспан!
Жолыңа ата-бабам болсын пида,
Раһбарым (рахбарым) ғамымдауа халиоллан!"
Егер де мәні (манығы) болса жыламақтан,
Ғұмырымның барлығынша жылар ем мен (ман)!
Өзіңнен рұқсат (ұлықсат) болса, бұл жанымды
Жолыңа берер едім, қылып құрбан!
Бұл түрлі көп сөз айтып, жылады зар,
Деп айтты:
- Ай, құдая, Хақ Берубар, һәм досың,
һәм Расулің-хабибіңе
Бұл менің сәлемімді айла азһар (азхар)!
Құжырадан Әбубәкір шықты қайтып,
Мешітке барып кірді қаба тартып.
Расулдің мінберіне хұтпа оқыды,
Әуелі бір Алланың хамитын айтып.
Деп айтты:
- Ай, халайық, есітіңіз!
Нанбаған Мұхаммедке болсаңыз сіз,
Пайғамбар ажал жетіп, опат болды,
Дүниеге енді айналып келмес әр кез!
Алланы, нанбасаңыз, Құдай біліп,
Өлмейді ақырғаша бақи тұрып.
Сабыр етіп қазасына тұрыңызлар,
Айтамын баршаңызға мен білдіріп.
Ғымыранның сүресінен оқып аят,
Ажалдың бір хақлығын істеді (аслайы) жат.
Хамат Мүстафаның нағытын оқып,
Рухына һәм жіберді көп салауат!
Өлгенін пайғамбардың барша білді,
Қайғырып, аза (ғаза) тұтып, көп аһ ұрды.
"Иннә лилләһи уә иннә иләйһи ражиғун"-ден
Жүзіне қолын сүртіп, дұға қылды.
Әшкере Аһылбайт һәм жылады баз,
Ғайыптан естілді бір қош әуез:
- Алла ла әм ғабыл күме- пайғамбардың,
Аһыл байт аз уәж!-деп, қылды ағаз (уағаз).
Сізлердің үшбу көрген мұспибатың,
Сауаптан жеткізеді Алла хақын!
Артықша зор парығы етпеңіздер,
Ойлатып бір Алланың инабатын!
Имансыз бұл дүниеден өтсе адам,
Лайық дүр ол пендеге кафыт ұғам.
Ғиззаты пайғамбардың артық болар,
Дүниеде тірі болыи жүргеннен һәм!
Осындай бірнеше сөзден хабар берді,
Білсеңіз, бұл сөзді айтқан Хызыр еді.
Онан (анден) соң жыламақтан ауызын тыйып,
Қазаға риза (ырза) болып отырды енді.
Ғайыптан естіледі және бір сөз,
Білдіріп Аһылбайтке айтты бір сөз: -
Мұхаммед Алла досы (досты), таза жүрер,
Жумаңыз пайғамбарды апла (асла) әр (һәр) кез!
[А]ртынан әуез қылды біреу және (жана):
-Нансаңыз: "Жума!"- деген шайтан ана.
[М]енХызыр, пайғамбарды ғұсылетіңіз,
Айтқалы бұл хабарды келдім саңа (саған)!
Аһылбайт хасин айтты мұны біліп,
Аллаға шүкір қылып, таспих етіп.
Дослары анден кейін даярланды,
Жұмаққа пайғамбарды ішке кіріп.
Ғұсыл еткен адамдардың есімдері (есімлары),
Әуелі - хазірет Ғаббас, екінші-Ғалы.
Үшінші-Әшім (һәшім), төртінші- Қасым, Фазыл,
"Ғаббастың перзенттері"- деп айтады.
Асамайын зайт - бесіншісі,
Алтыншысы - Сақыран атлы жігіт ер-ді.
"Кейінгі бұлайтылған екеуі һәм,
Расулдің- деп-айтады-азатлысы"
Есікке аңсарының бәрі келіп,
Бұл сөзді айтар еді әуез беріп:
- Ілгеріде жақсы-жаман осылар болса,
Баршасын жүрер едік бірдей көріп.
Ажырадық тысқары істе бүгін қалып,
Расулге ғұсыл етесіз сіздер барып.
Серік қып бұл қызметке тұрсаңыздар,
Бізден һәм ішіңізге адам алып.
Осы еді Залла атлы бір аңсары,
Кіргізіп әшкереге алды, әні!
Расулді қандай қылып жуамыз?-деп,
Біле алмай, қайран болып тұрды бәрі.
Бағзысы:
- Көйлегімен жусақ!-деді,
Бағзысы жалаңашын қабыл көрді.
Осындай қайран болып тұрғанында,
Бір Құдай баршасына ұйқы берді.
Азырақ ұйықтап кетті көзі ілініп,
Ғайыптан хабар берді аз һар етіп:
- Ғұсыл етіп пайғамбарды жуыңызлар,
Көйлегін ағзасынан алмай тұрып.
Оянды ұйқысынан бәрі һама,
Жатқызды пайғамбарды бір тақтаға.
Расулдің күншығысқа басын қойды,
Аяғын күнбатысқа қойды және (жана).
Мүбарак киімінің бәрін алды,
Жалғыз-ақ ағзасында көйлек қалды.
Қолына хазірет Ғалы қалта киіп,
Жумаққа пайғамбарды даярланды.
Көйлегін көтереді Фазыл барып,
Астынан Ғалы жуды қолын салып.
Асама, Шақыран мен- бұл екеуі
Үстіне құяр еді суды апарып.
Хазірет Ғаббас пенен және Қасым,
Тұраp еді пайғамбарды аударып һәм.
Пайғамбар есендікпен (асанлықпен) қозғалар-ды,
Бұларға періштелер болып жәрдем.
Әуелі пайғамбарды сумен жуды,
Екінші шадшы (падсы) суын құйып тұрды.
Үшінші қабір (кәбұр) суымен ғұсыл етіп,
Онан (анден) соң бұл қызметін тамам қылды.
Ол судың кіндігіне тұрып қалғанын,
Хош тұтып хазірет Ғалы ішті бәрін.
Сол үшін әрбір түрлі қиын істе
Өзгеден артық болды Ғалы мианың.
Мөшік атлы маңласына даруа сорны,
Үш қабат ақпен бәден кебін қылды.
Ілгергі айтылғандай, өсиетімен
Расулді жалғыз қойып шығып [тұрды].
Сабыр етті тыс қарсыда қарап тұрып,
Мәліктер қайтар еді намаз қылып.
Періште намаз оқып болғаннан соң,
Әуелі намаз оқыды Ғаббас [келіп] кіріп.
Онан соң намаз оқыды хазірет Ғалы,
Кезекпен Әшімнің келді бәрі.
Асхапқа Әшімнен соң, кезек жетіп,
Нәубетпен оқыр еді баршалары.
...ға Асхаптан соң кезек жетті,
Анден соң балалар һәм келіп етті.
Ол күні ешбір адам имам болмай,
Намазын баршасы һәм жалғыз етті.
Кітапта нақыл қылып айтар мұны,
Опаты дүйсенбінің әмід күні.
Бұйрықты манзылына дайын еткен,
Сәрсенбі кешкісінің еді түні.
Әлқисса намазларын тамам етті,
Анден соң дайын етпекке талап етті.
Жиылды:
- Қайсы жерге қоямыз? !-деп,
Асхаптың баршасы һәм кеңес етті.
Мешітті бағзылары көрді қабыл, Бағзысы:
- Болсын – деді - бақ Бағыста бұл!
Асхаптың бағзылары бұл сөзді айтты:
- Үйінде болмақ керек те, сірә сол!
Ортадан Әбубәкір айтты тұрып:
- Расулден мен естідім бұрын сұрап.
Қай жерде пайғамбардың жаны шықса,
Сол жерге қойылады дайын қылып.
Және де хабар беріп айтты Ғалы:
- Қай жерде пайғамбардың шықса жаны,
Бір Құдай қүдіретімен дәргаһында
Көреді өзге жерден артық, әні (әне)!
Мұһа, Жыран сарилар мұны естіп,
Бұл сөзге ырзаланды қабыл етіп.
Ғайшаның хұжырасына қоймақ болды,
Көңілінен баршасының шүбә (шүбһа) кеп
Бағзылары көр қазбаққа - ақ талап көп, Бағзысы айтты:
-Лахат қылып қоялық!-деп.
Бағзысы:
Бұл қызмет несіп болып Талха жетті,
Хұжырадан лақат қазып даяр етті.
Балы, Ғаббас, Фазыл, Құмша,
Қаран, Жама, Алдас көтеріп лақатта елітті.
Бар еді пайғамбардың бір тондары,
Үстіне перде қылып жапты, әні (әне)!
Лақаттың есігіне ғам хашталардан
Әкеліп бекітпекке тидірді, әні!
Ақыры бір кірпіштік орын қалды,
Шығарып енді кейін - тонды алды.
Расулден бір ишараат сөз білініп,
Тесіктен қауым барып құлақ салды.
Мүбарак еріндерін қимылдатып:
-Үмбетім, үмбетім!- деп, жатыр айтып.
Дайын етіп пайғамбарды болғаннан соң,
Құжырадан баршасы һәм шықты қайтып.
Фатима құжырасында жатыр еді,
Асхаптың баршасы һәм мұнда келді.
Мұхаммед- Мұстафаның мәдхонларын
Білдіріп Фатимаға хабар берді.
Фатима піриат қылып, қылды нала,
Жылады асхаплардың бәрі һама.
Расулдің әуелгі өткен күндерінде
Артық сабыр мусипат болды және.
Фатима айтар еді қылып зары:
-Атамның, баршаңыз, һәм асхаплары,
Көз қиып, көңіліңіз және барып,
Көмдіңіз жер астына нешік, әні [әне]!
Сахабалар мұны естіп, болып кіриан, Деп еді:
- Не қыламыз, болса пәрмен?!
[...]зда Хақтың әмірі болмағанда,
Бір қылын қоймас едік топырақ бірлан.
Асхаптың қайғы-ғамы хадаен өтті,
Бағзысы Мединеден шығып кетті.
Дидарын пайғамбардың көрмеген соң,
Бағзысы: "Көзімді ал!"-деп, тілек етті.
Бағзылары өлген соң іздеп келді,
Калима тұт[ып], таухидты айтып, дінге кірді.
Бағзысы ғаспанаға ғашық болып,
Расулдің қабірін құшып, жанын берді.
Расул[дің], бұл айтқаның, әрбір ісі,
Айта алмас ада қылып ешбір кісі.
[Әр] жерде білдірмекке лазым болды,
Шам, Шамарында бір жаһұттың қылған ісі.
Бақ құсы
"Құдайға құлмын!"- дейсің, құлшылық жоқ,
Уайымың: "Болса екен,- деп,- қарыным тоқ!"
Ойлаған ақыреттен бір ісің жоқ,
Мақсатың - көздер толы дүние боқ.
Көп адам ішіп-жейтін тамақ үшін,
Салып жүр бұ дүниеге барлық күшін.
Аузыңнан ішсең, артыңнан қалар түсіп,
Керек қып, әуре болдың оның несін?!
Өз нәпсің бойыңдағы - жанның жауы,
Жалғанда екеуінің бітпес дауы.
Нәпсіңнің айдауына ере берсең,
Білінбес өз басыңның ауру-сауы.
Нәпсіден құтылуға не хайла бар?!
Құтылсаң, бір басыңа көп пайда бар!
Өз нәпсің бойындағы жау шыққан соң,
Жаныңа енді жақын дос қайда бар?!
Жүрмейді ыңғайыңа қатын-бала,
Деп айтқан: "Дұшпаның-деп,-өзі және,
"Иннама ауылдың ем азуа жүңме
Фетнасауе!"- демеді ме Хақ тағала?!
Мал-басқа, қына қызыл тасқа бітер,
Жаманға қасақана қасқа бітер.
Жалғанда жаныңменен жиған мүлкің,
Айырылып өлген күні басқа[ға] кетер.
Жұрт көмді жаназалап сені көрге,
Барарсың ақыр бір күн қара жерге.
Жолдас тап есің барда, күшің барда,
Өзіңмен кіретұғын көрге бірге.
Мал қалар дәнемемен болмай ісі,
Не қылсын, кім бар болса, сол иесі.
Үй қалар ішіндегі мүлкіменен,
Деп айтпас: "Бізді, қайда, жиған кісі?!"
Аһ ұрып, жылаған боп, қатын қалар,
Жоқ екен көрге бірге еріп барар.
"Болар — деп- тиген байым әлде қандай?"-
Жас болса, қатын соны ойына алар.
Көзінен саулаған боп ағар жасы,
Өзінің ойлағаны - қара басы.
Жылына не жетеді, не жетпейді,
Таласар қайнысы мен қайнағасы.
Ағайын жиылар мал сойғанына,
Етін жеп, сорпасына тойғанына.
Биопа, сұм дүниемен алдандырып,
Тәубең не (төбеңнен) ұрып Құдай қойғанына V!
Ұшы жоқ, таусылмайды, терең ойлар,
Дария емес суы терең кісі бойлар.
Батырып су түбіне жіберетін –
Адамның алдындағы жылқы-қойлар.
Опасыз, шіркін дүние, болдың мұнша,
Қызықты, қадірлі боп өзің сонша!
Көрінер жұрт көзіне әлдеқандай,
Біраз күн бір пендеде дәулет тұрса!
Шарықтап сөйткенменен кетпес асып,
Сынаптай, бір орында тұрмас, қашып.
Басыңнан бақыт құсы ұшқан күнде
Қалады керексіз боп боқтан сасық.
Бірі-тірі, бірі-өлі: "Ал" мен "Бердің",
Мал қашты уысынан һамматлы ердің.
"Шық бермес, Шығайбайға"- тұрақтады,
О-дағы біліп алды берген жердің.
Бақ деген бұрын бір құс болушы еді,
Қиядан-қияға ұшып қонушы еді.
Азыл зат, текті жерді таңдап қонып,
Жарасып тұғырында тұрушы еді.
Бақ құсы осы күнде шыбын болды,
Қайда сасық, іріңді тауып қонды.
Таздың басы, пұшықтың мұрнын тауып,
Бүгінде ақсақ-соқыр- бәрі де оңды.
Шыбынға бәрі бірдей қант пенен боқ,
Жамандық кеп боп кетті, жақсылық жоқ.
Жабы озып арғымақтан, аттан-есек,
Бәрі оқыды: болғаннан соң қарыны тоқ.
Біздерге әр түрлі өнер Тәңірім берді,
Қыдырдық денсаулықпен талай жерді.
Астында жаппа күрке көшер шілік,
Ақсақал Жапке бірлан Ғайса келді.
Көре алмай, сағынғаннан көптен бері,
Жақсы екен аз өмірде болған тірі.
Бас қосып қадірлескен жақсылармен
Тарқады біраз құмар, көңіл кірі.
Ежелден көшпелі еді мінез біздің,
Жақсысын көріп едік бұл үш жүздің.
Алмаңыз көңіліңізге, ай, ағалар,
Бабыңыз болмай кетті екі сегіздің.





Пікір жазу