17.04.2021
  264


Автор: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы

Пайғамбардың нұры

Ғаламнан он сегіз мың әуел бұрын,
Жаратты пайғамбардың асыл нұрын.
"Әуелі мақұлық атта нұрым!"- деген,
Хақында дәлел болды хадис мұның.
Аспан, жер, ғаршы, күрсі, лауһи, калам,
Сыдыра мен жаннат, тозақ,- бәрі тамам.
Сол нұрдың тәпсілінен пайда болды-
Жаралған он сегіз мың күллі ғалам.
Адамды топырақтан қылды және (жана),
"Кіргіл!"-деп, пәрмен етті жанға Құда(Құдай).
-Қараңғы, қорқынышты жай екен!-деп,
Жан қорқып, кірмей тұрды қарап мұңа (бұған).
Расулдің нұр шарпын келді алып,
Адамның маңдайына қойды апарып.
Сонан (анден) соң хазірет Адам ағзаларын
Жан көрді бір мәртебе назар салып.
Тұрады расул нұры жауһар беріп,
Хош ұрды (жушы ұрды) махаббаты оны көріп.
Ағзаға бармақлыққа ғашығы кетіп,
Аузынан рухы, шарпы кірді келіп.
Адамға расул нұры харар алды,
Көпкеше көкірегінде тұрып қалды.
Алланың әуелдегі тағдырымен
Шиш нәби пайғамбарға ол нұр барды.
Сонан һәм перзентіне нақыл етіп,
Мұнан һәм жеті атаға келді өтіп.
Мұхаммед-Мұстафаның нұр шарпы
Ыдырыстың кемеріне тұрды жетіп.
Ыдырыстан мұжыр болып туды бала,
Расулдің нұр шарпы келді аңа (оған).
Ілгергі айтылғандай, үш атамен
Нух нәби пайғамбарға келді және (жана).
Сам атлы Нух нәбиден туды ұғлы (ұлы),
Орнына ол Мухаммед оны (аны) қылды.
Самнан соң расул нуры уш атамен
һут нәби кемеріне келіп тұрды.
һуттың перзентіне болды дахыл,
Сақтар-ды ыхтиятпен болмай ғапіл.
"Расулдің нур шарпы жеті атамен Келді,- деп,
Ибраһимге, қылды нақыл."
Ибраһим- Мұхаммедке ұлы баба,
Aт қосқан: "Хал пілім"-деп Алла аңа (оған).
Ұлық ағзам мәртебесін несіп етіп,
Фазылымен сахаба һәм берді және.
Бибі һажар, бибі Сара қатыны ерді,
Сарадан хазірет Ысқақ дүниеге келді.
Смағұл бибі һажардан дүниеге келіп,
Халелден расул нұры оған келді.
Ысқақтан көп пайғамбар туып өтті,
Қауымына баршасы һәм жол көрсетті.
Уақытына әр [не] түрлі жұмыс қылып,
Бәрі һәм бұл дүниеден өтіп кетті.
Жалғыз-ақ Смағұлдан расул келді,
Мүбарак бір аттары (атлары) Ахмет еді.
Екі мың және алпыс жыл екі арасы
Ортада жиырма бес ата өтті де енді.
Айтпаққа мүмкін емес мен аттарын,
Білдірсем, ұзақ болып кетер бәрін.
Смағұл перзентінің әулетінен
Бірінің Ғабділманап қойды атын.
Манаптан екі бала туды бірден,
Жабысып арқалары еді ілінген.
Ажырамай бірігіп тұрар еді,
Тұрсын ғып, таңданады мұны көрген.
Ажырасып кете алмады, өз[і] бөлініп,
Ойланды халықтың бәрі қанша көріп.
Басқамен ажыратпаққа шара болмай,
Ажыратты қылыш бірлан жүдә келіп.
Сол уақтың ақылы артық даналары,
Ойланып, парасатпен айтты бәрі:
-Бұлардың қылыш түсті арасына,
Жай жүрмес, жақын болып, балалары!
Таласып хүкіметке дұшпан болар,
Уақытында неше түрлі істер болар.
Сап түзеп, бір-бірімен ұрыс қылып,
Хисапсыз екі жақтан адам өлер (олар).
Шын болып даналардың бұл айтқаны,
Дұшпандық, әулетінің, қылды бәрі.
Таласып патшалыққа көп ұрысты,
Уақытында Мағауия, хазірет Ғалы.
Хасенді Жазит қамап Кербалада,
Шаһитлік дәрежесін жеткізді аңа.
Имамның һаураждан тәнін жоқтап,
Қаншама Әбумүсілім қырды және.
Бір кітап бұл сөзінің әрбірлері,
Жазғанмен бір нұсқаға, сыймас бәрі.
Әуелгі пайғамбардың уақиғасын,
Айтайын баян қылып, құйып, әні (әне)!
- Манаптан екі ұғлы-дедім-туды,
Олардың Уми, һәшім атын қойды.
һәшімнің кемерінен Қадір құда Тудырды
Ғабділмүталлап атлы ұлды.
Ғарап атлы ұл туды Үмиядан,
Білсеңіз, оның ұғлы- Әбусапиан.
Әбусапианнан- Мағауия, онан- Жазит,
Ахуалын Мүталлаптың айтайын мен.
Мүталлап- парасатты, болды дана,
Тапсырды Байтолланың кілтін аңа.
Алланың беруімен Мүталлаптан
Он ұғлы пайда болып, туды бала.
Синарда баршасының аттары бар:
Зағыфар, Хахіл, Нарсы, Мақым, Зарар.
һәм және Әбутәліп, Әбулаһап,
Хамза, Ғаббас, Ғабдолла- деп айтады-лар.
Ғабдолла сұлу еді, артық түрі,
Бар еді мандайында расул нұры.
"Ақырғы пайғамбардың атасы"-деп,
Жаһитлар атар еді, танып мұны.
Ғабдолла Әмина атты қатын алды,
Ибраһим мәтиімен некеленді (некахланды).
Әуелгі жолыққанда, Ғабдолладан
Расулдің Әминаға нұры барды.
Алты айда Ғабдоллаға ажал жетті,
Пайғамбар тумай тұрып өтіп кетті.
Бір Құдай Мұхаммедтей сүйер досын
Қарнында анасының жетім етті.
Тоғыз ай, он күн және болды тамам,
Тумаққа уақыты жетті, қайырланам.
Төредей еш мехнат шекпеген соң,
Білмеді хабарланып ешбір адам.
Сол уақта пайда болды көп ғаламат,
Шарда бәрін бірдей айтады жат.
Екінші ракінсінің әуеліне
Қарасын білер уәлилер - адамзат.





Пікір жазу